
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Былтыр Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының бас жоспары бекітілгені белгілі. Аталған құжатқа сәйкес, Абай көшесі арқылы Арна мен 10-шағын ауданды жалғастыратын жол салынып жатыр. Құрылысқа жауапты мердігер – «Асар строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз ағылып жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалар аса қажет болып тұр. Осы орайда Қонаев, Алматы қалаларындағы стансалардан Батыс Қазақстан облысына жөнелтілетін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды.
Тұлға • 17 Сәуір, 2024
Талай жылдан бері тұралап қалған ауыл театрларына жан бітіріп, жарыққа шығаруда жарғақ құлағы жастыққа тимей, еселі еңбек сіңірген белгілі театр режиссері, сатира сардары Асқар Наймантаевтың есімін ел қадірледі.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Алматы облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, өңір әкімінің қолдауымен жағажайларды, саябақтар мен гүлбақтарды тазалауға білек сыбана кірісті. Мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері бастамаға бір кісідей атсалысып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуда бірлігін көрсете білді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз жеткізіліп жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалардың қажеттілігі де арта түсті. Осыған орай Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 16 Сәуір, 2024
Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде жиі қолданыста болған құралдың бірі – талқы.
Балалар • 15 Сәуір, 2024
Еліміздің батыс өңіріндегі қарғын судың астында қалған ауылдардан эвакуацияланған 170 бала Алматы облысындағы лагерьлерге келіп, орналасты.
Еңбек • 14 Сәуір, 2024
Қарасай ауданындағы «Еco Сultura» жылыжай кешені бүгінде отандық кәсіптің өркендеуіне сүбелі үлес қосып отыр. Жалпы аумағы 7 гектарды алып жатқан ірі кешенде көз жауын алатын гүлдің сан түрі жайқала өседі. Соның ішінде ерекше назар аудартқаны – хризантема, яғни бақыт гүлі. Жылыжай кешеніндегі мамандардың айтуынша, бұл сорт еліміз бойынша алғаш рет өсіріліп, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нарыққа шыққан.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазарту шарасына жергілікті ақтарушы және орталық мемлекеттік органдардан 20 мыңға жуық, облыс аумағындағы ұйымдар мен 6 мыңға жуық кәсіпорындардан 28 мың адам және 250 мыңнан астам өңір тұрғындары жұдырықтай жұмыла атсалысты. Экологиялық науқанға 400 саяжайдың тұрғындары да белсене қатысып, аулалар мен көшелерді шашылған қоқыстан тазартты.
Ұлттық спорт • 11 Сәуір, 2024
Жуырда қасиетті Қарадала өңірінде ат құлағында ойнайтын спортшылардың байрақты бәсекесі ұйымдастырылды. Көнеден жібі үзілмей жалғасып келе жатқан көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу сынды ептілік пен жылдамдықты паш ететін ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық чемпионат өтті.