Әдебиет • 03 Мамыр, 2025

Қос ақынға құрмет

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарадала өңіріндегі Шонжы ауылында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев пен ұйғыр этносының талантты ақыны Илья Бахтияға (Молотов) арналған «Өлең мен достық – ескерткішке айналған рух» атты композициялық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қос ақынға құрмет

Шараға Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев пен Илья Молотовтың туған бауыры Сунят Палтушаев, сонымен бірге Алматы облысының Құрметті азаматы, ардагер Ызғарбек Бектұрсынов, ақын, драматург Бақыт Беделхан қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған меймандар Мұқағали мен Ильяның достығын, қос ақынның поэзия мен руханият жолындағы ұлы миссиясын ерекше атап өтті. Достық пен бірлікті және рухани үндестікті айқындаған мәдени шарада ескерткіштің лентасы қиылып, гүл шоқтары қойылды. 

Бұдан кейін Қарадала халық театрының қатысуымен «Досым, саған айтамын...» атты шағын пролог қойылып, Мұқағали мен Илья бейнелері көрерменнің жүрегін тебірентті.

Қос ақынның ажырамас достығы туралы аз айтылмаған. Олар Мәскеуде бірге оқып, одан кейінгі жылдарда да айнымас досқа айналғаны ақиқат. Сол себепті, қос ақынға Қарадала төрінен еңселі ескерткіш қою көптен бері көтеріліп келген. Бұл ескерткіш – поэзияға, адал достық пен бауырластыққа қойылған тағзым, болашақ ұрпақ үшін рухани мұра саналады.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15