Оқиға орнына алғашқы болып Глубокое ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов жедел жеткен. Олар қауіп-қатерге қарамастан құдық ішінен екі зардап шеккен азаматты сыртқа алып шыққан.
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?
Тағы бір жұмысшы өздігінен құдықтан шығып үлгеріп, құтқару қызметіне дер кезінде хабар берген. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылды.
Кейін барлық зардап шеккендер шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Төтенше жағдайлар қызметі мұндай жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңызын тағы да ескертеді, өйткені жабық кеңістікте улы газдардың жиналуы адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.