Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
597 материал табылды

Өндіріс • 18 Желтоқсан, 2024

Шам жасаудағы шеберлік

Күнделікті тұрмыс-тіршілікте алуан түрлі қолданысқа пайдаланылатын заманауи үлгідегі электр шамдары Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы «Kaz Tek Invest» зауытында өндіріледі. Отандық кәсіпорында жарық диод­ты шамдардың 100-ден астам түрі шығарылады. Оның ішінде кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі пішіндегі шамдар бар.

Алматы • 18 Желтоқсан, 2024

Экспортта рекордтық өсім бар

Алматы облысында экспорт географиясының кеңеюі – аймақ­тың экономикалық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі. Бүгінде облыс 63 елге өнім экспорттаса, оның 90%-ын өңделген өнім құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, экспорт көлемі 565 млн доллардан 581 млн долларға өскен. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жан-жақты баяндады.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024

Ақтеректегі қос қуаныш

Ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына тілекші әрі қамқоршы азаматтардың баталы бастамалары кең етек алып, өзгелерге үлгі болса құба-құп. Тәуелсіздік күні қар­­саңында «Amanat» партиясының мүшесі Жамбыл ауда­нындағы 5 отбасына баспана кілтін табыс етіп, жүрек­жарды қуанышқа кенелтті.

Ұлттық спорт • 12 Желтоқсан, 2024

Айтулы аламан

Тәуелсіздік күніне орай Қарасай ауданының «Gúlnar Baq» демалыс базасындағы ипподромда ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы облыс біріншілігі аяқталды.

Алматы • 11 Желтоқсан, 2024

Алматы облысы – инвестициялар мен халықаралық бизнес орталығы

Алматы облысы қарқынды дамып, экономика өсіміне және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы инвестицияларды тартуды жалғастырып жатыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыс негізгі капиталға салынған инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша оң нәтижелер көрсетті.

Ұстаз • 11 Желтоқсан, 2024

Протез жасауға баулыған ұстаз

Осыдан үш жыл бұрын «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Ақордада Мемлекет басшысының қолынан 3 миллион теңге грант алған Жамбыл ауданы, Қар­ға­лы­ ауылындағы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Дау­летияр­ұлының есімі өңір ұстаздарының арасында топ жарып тұрғаны хақ. Содан бергі тынымсыз ізде­ніс пен еселі еңбектің нәтижесінде, Бақытәлі Даулетиярұлы «Қазақстан мұғалімі-2024» бай­қа­уын­да да ұлттық сыйлықтың жеңімпазы атанып, еліміз бойынша үздік деп танылған 10 ұстаз­дың қа­та­рына қосылып отыр. Жеңімпазға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Сон­дай-ақ­ ол алда болатын «Әлем ұстаздары» байқауына қатысуға жолдама алғанын айрықша атай­м­ыз.

Театр • 10 Желтоқсан, 2024

Өнер тарландары – халық театрында

Аспантау аясындағы аудандық мәдениет үйінде «Кеген» халық театрының әртістері драматург Бексұлтан Жәкеевтің «Тағдыр» атты драмасын сахналады. Қоғам­­да­ғы адами құндылықтардың құлдырап кеткендігін бей­не­­лей­­тін спектакльдің режиссерлері Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Омар Қиқым мен Бекжан Тұрыс екен­дігін ­ес­ті­ген ел қойылымды тамашалауға тайлы-тұяғымен жиы­лып, ине шаншар орын болмауы – ауыл театрына соны сер­пін берді.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2024

Егіздер 200-ден асты

Осы жылдың 11 айында Алматы облысында 23 мыңға жуық бала өмірге келген. Олардың 204-і егіздер болса, 1 үшем бар. Соның ішінде облыс орталығы Қонаев қаласында 1000-нан астам нәресте дүние есігін ашқан.

Шаруашылық • 05 Желтоқсан, 2024

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды

Алматы облысы, Қонаев қаласында  Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі күні мерекесі аталып өтті. Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкері мен мамандар қатысты. Мереке саланың маңызын насихаттап,  қызметкерлерінің еңбегін бағалауға арналды.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024

Қонаев базарындағы былық

Қонаев қаласында ауқымды 3 базар жұмыс істейді. Қала тұрғындары ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлікті осы базарлардан сатып алады. Жуырда тұтынушылар «Алға» базарындағы келеңсіздіктерді әлеуметтік желіге жариялады. Онда базардың санитарлық талапқа сай еместігімен қоса, мерзімі өтіп кеткен азық-түлік тауарлары саудаланатынын мәлімдеген еді.