
Өндіріс • 21 Қыркүйек, 2024
Инвестиция игілігін көрген кәсіпорын
Алматы облысындағы «СП «FastenersMetal» бірлескен кәсіпорны – отандық «Фирма «Бент» ЖШС және қытайлық «GKRailways» компаниясы арасындағы серіктестіктің оң нәтижесі. Ынтымақтастық туралы келісімге осы жылдың маусым айында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен қол қойылған еді. Оның да өзіндік себебі бар. «GKRailways» жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған құрамдас бөлшектер өндіруде әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі саналады.
Туризм • 20 Қыркүйек, 2024
«Көлсай – халқымыздың баға жетпес қазынасы»
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғаттың байлығы мен сұлулығын сақтай отырып, еліміздің экологиялық ахуалына маңызды үлес қосып келе жатқан ерекше аймақ, флорасы мен фаунасы, су айдындары мен табиғи экожүйесі – баға жетпес байлық. Соңғы жылдары қарағайлы тау қойнауына ерекше көрік беріп, мөлдіреп тұрған Көлсай көлдерін тамашалауға келген туристер саны да еселене түскен. Туристік аймақтың тыныс-тіршілігін білмекке «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Елнұр АХМЕТОВТІ әңгімеге тартқан едік.
Өндіріс • 18 Қыркүйек, 2024
Ел экономикасы шатқаяқтап тұрған сонау 1998 жылы ағайынды Хилажевтер іргесін қалаған «Glasman» компаниясы осы күні отандық жеңіл өнеркәсіптің көшін бастап тұр. Сырттан ағылған сапасыз киімдерге тосқауыл қойып, бәсекелестікте бәсі артқан компания алғашқы жылдары-ақ ерлерге арналған классикалық костюм тігудің шебері атанған.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024
Мал шаруашылығын күнкөріс көзіне айналдырған Аспантау аясының жұртшылығына қазір шөп шауып, астық ору науқанының қызып тұрған шағы. Биыл жауын-шашынның мол түсуінің арқасында шөп құнарлы шыққанын айтады шаруалар. Қыстың қамын жаз ойлауға кіріскен шаруалар да шалғы сырылын үдетіп, салған шөмелелері мен бауланған шөптері қаздай тізіліп жатыр. Соның бірі Тасашы ауылдық округіне қарасты Сарыкөл елді мекеніндегі «Нұрқанат» шаруа қожалығының да жұмысы қарқын алған.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024
Таяуда Қонаев қаласында жаңа «Кроссфит» спорт алаңы ашылып, тұрғындарды, әсіресе балаларды зор қуанышқа кенелтті.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2024
Сала сарапшылары студенттермен кездесті
Атом электр стансасы құрылысы мәселесін түсіндіруді мақсат тұтқан Халық штабы Есік қалалық гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарға атом электр стансасын салу туралы ақпарат беру, энергетика саласындағы қазіргі жағдайды талқылау. Өңірлік Халық штабы мүшесі Бағдат Рахимов АЭС салудың энергетикалық саласына ықпалы туралы баяндады.
Байқау • 17 Қыркүйек, 2024
Ардагерлердің өнер бәйгесі мәресіне жетті
Табиғаты тамылжыған Талғар қаласындағы мәдениет үйінде ардагер спортшылар мен өнерпаздардың қатысуымен «Саламатты өмір салты» атты өнер фестивалі өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ілияс Сүгіров өнерді өміріне өзек еткен ардагерлерді құттықтап, ақжарма тілектерін ақтарды.
Медицина • 14 Қыркүйек, 2024
Алматы облысының дәрігерлері босанғаннан кейін қабыну үдерісі салдарынан бүйрегі істен шығып, төрт тәулік комаға түскен ананың өмірін аман алып қалды.
Алматы • 14 Қыркүйек, 2024
Жылыту маусымына дайындық қарқынды
Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Өнер • 12 Қыркүйек, 2024
Ұрпақтан ұрпаққа ұласып, ұлттық мұраға айналған атакәсіптің сан түрі бар. Төрт түліктің жүні мен терісін кәдеге жаратып, сәні мен салтанатын келістіре киім тігудегі ісмерлердің шеберліктері том-том кітапқа арқау болары анық. Алайда мың бояулы жаңа ғасырда күнделікті тіршілікте киілетін тәпішкелерді қазақы технологиямен өндіруде алдына жан салмай, шеберлігі шыңдалған кәсіп иесі барын біріміз білсек, біріміз білмеспіз.