Мереке • 07 Мамыр, 2025

Мереке айшықты аталып өтті

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қонаев қаласының орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараларға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қонаев гарнизонының бастығы, гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев, Ауған соғысының ардагерлері, өзге де әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, Қарулы Күштердің ардагерлері, Қонаев гарнизонының әскери қызметшілері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен қала тұрғындары қатысты.

Мереке айшықты аталып өтті

Жиналған қауым орталық алаңда орнатылған еңселі сахнадағы кең экраннан Астана қаласындағы әскери парадтың ашылу салтанатын тамашалап, Мемлекет басшысының құттықтауын тікелей эфирде тыңдады. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің маңызын атап өтті.А

Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі. Ол Президенттің тапсырмасымен еліміздің Қарулы Күштерінде жүйелі жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жаңғыру үстінде. Олар ұлттық қауіпсіздіктің кепіліне, қоғамның тірегіне айналуда. Біздің Отан қорғаушыларымыз тек шекараны күзетіп қана қоймай, азаматтық келісімді нығайтуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді», – деді өңір басшысы.

ВМерекелік шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Алматы облысы әкімінің атынан Қонаев гарнизонының және Ұлттық ұланның жиырма шақты әскери қызметшісіне алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар арасында полковник Жеңісжан Байжан, подполковниктер Данияр Маменов пен Берік Елікбаев, гвардия майоры Дархан Жәнсікбаев, майор Нұрлан Ожаров, лейтенант Лаура Бекболатова және сержант Елдос Қарбозов пен өзге де қызметкерлер бар.

Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жалғастырып, іс-шараға ерекше сән мен жылулық сыйлады.

Сонымен қатар, №20030 әскери бөлім аумағында заманауи әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Облыс әкімі бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысып, жеке құраммен әңгімелесіп, бөлімнің жабдықталу деңгейіне жоғары баға берді.

Қонаев қаласында өткен Отан қорғаушы күні бірлік пен ел тыныштығын күзеткен жандарға деген құрмет рухында өтті. Мерекелік шаралар армия мен халық арасындағы байланысты нығайтудың – Қазақстанның орнықты дамуының кепілі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15