Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
148 материал табылды

Мәселе • 27 Ақпан, 2025

Адам саудасының құрбандары қолдауға зәру

Былтыр елде адам саудасының құрбаны болған 247 адам арнау­лы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, оның ішінде 114 адам – шетел азаматы. Олардың 32-сі жұмысқа орналасқан, оның 4-еуі шетел азаматы.

Медицина • 26 Ақпан, 2025

МӘМС қаражаты қайда жұмсалады?

«МӘМС қаржысы қайда кетіп жатыр?», «Жыл бойы емханаға бармасақ, аударған жарнаның басын қосып, қайтарып алуға бола ма?». Кейінгі кезеңде қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты осы екі сауал жиі қойылады. «Сақтандырылған» мәртебесі бола тұра, жеке емханаларға қаралатындар бар. Сол тұрғыда тіркелген емханадан тиісті ем-шара алмаған тұрғындардың сын-пікірі де орынсыз емес.

Қоғам • 22 Ақпан, 2025

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артты

Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәр­демақы төлеуге республикалық бюд­жеттен 53,2 млрд теңге жұм­салған. Осыған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорынан еңбекке қабі­лет­тілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 7,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленген.

Төтенше жағдай • 19 Ақпан, 2025

Шахтадағы жарылыс

17 ақпанда кешкі сағат 16.50 шамасында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Жомарт» кенішінде қайғылы жағдай болды. Өкінішке қарай, 7 кенші үйінді астында қалып қойды.

Медицина • 15 Ақпан, 2025

Медициналық қызметтің күнгейі мен көлеңкесі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша медициналық қызмет алатын тұрғындар бюджет есебінен қаржыландырылады, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылғандар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын жалақысынан жарна төлейді. Денсаулық сақтау саласына тиесілі қаражат еселеп ұлғайғанымен, МӘМС жүйесіне, қор­дың жұмысына қатысты түрлі пікірталас толастаған емес.

Денсаулық • 12 Ақпан, 2025

Медициналық пойыздың көмегі

«Саламатты Қазақстан» пойызы өткен жылы өңір-өңірді аралап, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Мамыр айында жолға шыққан пойыз жыл аяғына дейін 17 облыстағы стационарлық медициналық пункті жоқ аудандарға қатынап үлгерді. Медицина мамандарынан құралған топ жұмысын су тасқынымен алысқан елдің батысындағы өлкелерден бастағаны да ұтымды шешім болды.

Экономика • 11 Ақпан, 2025

«Жасыл» экономика – жаңғыруға жаңа мүмкіндік

Климаттың өзгеріп, ресурстардың түгесіліп бара жатқаны әлем халықтарын, соның ішінде бизнесті тұйыққа тіреп отыр. Көміртегі шығарындылары мен басқа да ресурстарды тиімсіз пайдалансақ, осы әрекетімізбен экожүйеге қауіп төндіреміз. Экологиялық факторларды ескермейтін компаниялардың көміртегі салығы енгізілген Еуропалық одақ сияқты нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін жоғалту қаупі бар. Ал «жасыл» экономика табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланып қана қоймай, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ықпал етеді. Осы арқылы табиғат ластануының алдын алуға болады.

Еңбек • 08 Ақпан, 2025

Еңсені биіктеткен еңбек жобасы

Еңбек нарығында біліктілігі бар, тәжірибесі мол жұмысшы мамандарға әр кез сұраныс болады. Ірілі-ұсақты зауыттар, әлбетте, жұмыс күшінсіз іс тындыра алмайды. Осыған қарамастан жұмысшы мамандығын оқыса да жұмыс таппай жүргендер көп. Еңбек нарығында біліктілігі бар, тәжірибесі мол жұмысшы мамандарға әр кез сұраныс болады. Ірілі-ұсақты зауыттар, әлбетте, жұмыс күшінсіз іс тындыра алмайды. Осыған қарамастан жұмысшы мамандығын оқыса да жұмыс таппай жүргендер көп.

Қоғам • 06 Ақпан, 2025

Бала келешегі – балабақша кезегінен

Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметі бо­йынша, елімізде 986 мыңнан аса баланы қамтитын 11 681 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 5 476 мемлекеттік балабақшаға – 467 мың бала, 6 205 жеке­мен­шік ұйымға 519 мың бала барады.

Фармацевтика • 04 Ақпан, 2025

Дәрі-дәрмекті есепке алу жүйесі жаңарады

Былтыр дәрілік препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіру мәселесі бірнеше рет талқыланды. Дәрі-дәр­мектердің объективті құнын қалыптастыруда баламалы ақпаратты пайдалануға негізделген ашық, тиімді тетіктерді құрудың маңызы жөнінде айтылды. Айтса айтқандай, биыл елде дәрілік заттарға баға белгілеудің тетіктері жаңаратын болды.