Күрес • 07 Қаңтар, 2026
Жыл қорытындысында Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңарды. Үздіктер тізімінде еліміздің бірнеше балуаны бар.
Спорт • 07 Қаңтар, 2026
«Қайрат» футзал клубы «Futsal Planet Awards 2025» конкурсының «Әлемдегі ең үздік клуб» аталымында бас жүлдеден үміткерлер қатарында енді. Алматылықтардан бөлек, бұл тізімде Аргентинаның «Бока Хуниорсы», Таиландтың «Хонген Тхакамы», Бразилияның «Жарагуасы», Италияның «Мета Катаниясы», Уругвайдың «Пеньяролі» бар. Бұл тартыста кімнің бағы жанатыны бүгін белгілі болады. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, шешуші тұста Испанияның «Пальмасына» 4:9 есебімен есе жіберді.
Шахмат • 01 Қаңтар, 2026
Аса дарынды қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Қатардың бас шаһары Дохада рапид пен блицтен өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір белесті бағындырды.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтингін жариялады. Үздіктер қатарында еліміздің бірнеше спортшысы бар. Әлем, құрлық чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастап тұр. Талай байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілген Әсел Қанай (61 кг) мен София Берульцева (+68 кг) екінші орынға табан тіреді.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Дзюдошылардың әлемдік рейтингі жаңартылды. Бір қуаныштысы, Әбиба Әбужақынова биылғы жылдың қорытындысы бойынша 48 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген балуандар арасынан ең үздік деп танылды.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
«Sofascore» порталы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен еліміз футболшылары- ның есімдерін атады. Үздіктер тізімін тасқамал қорғаушы Нұралы Әліп бастап тұр. Ұлттық құрама мен Ресей премьер-лигасындағы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының намысын қорғап жүрген қандасымыз әр ойын барысында орта есеппен 7,35 ұпай жинады.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстанның футболшылары өзінің 115-орнын сақтап қалды. Жерлестеріміз Мавритания мен Малайзияның ортасында тұр.
Спорт • 22 Қараша, 2025
22 қарашада Қатардың бас шаһары Дохада UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Сол кеште аса жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топуриямен айқасады.
Спорт • 15 Қараша, 2025
20 қарашада шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бұл бәсекеде сары құрлықтың ең үздік төрт командасы айналмалы жүйе бойынша сайысқа түседі. Олар – Қытай, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Жапония. Еске сала кетейік, былтыр Алматыда өткен жарыста жерлестеріміз бас жүлдені олжалады.
Бокс • 14 Қараша, 2025
Осыдан біраз уақыт бұрын Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында ел спорты тарихында бірнеше тарихи оқиға тіркелді. Аталған жарыста ағайынды 24 жастағы Махмұд пен 19 жастағы Төрехан Сабырхан бас жүлдені олжалады. Ағасының бұл екінші атағы болса, інісі алғаш рет осындай биікке көтерілді. Тұманды Альбион елінде Айбек Оралбай да теңдессіз деп танылды. Оның сыңары Нұрбек осыдан екі жыл бұрын Ташкентте қарсылас шақ келтірмеген еді. Олар – 25 жастағы жалындап тұрған жігіттер. Осылайша, қазақтың киелі шаңырағынан әлем чемпиондары қос-қостан шығып жатыр. Осындай мерейлі сәтте қазақ спортының тарихына үңіліп, бір әулеттен шыққан чемпиондарды түгендеп шығуды жөн көрдік.