Салыстырмалы түрде алсақ, көршілес Өзбекстанды айтпағанда, Тәжікстан мен Қырғызстан құрамаларының өздері Қазақстаннан бірнеше саты жоғары тұр. Атап айтсақ, өзбектер – 55, тәжіктер – 102, қырғыздар 105-орынды иеленді. Орталық Азия мемлекеттер арасынан біздің аяқдоп шеберлеріміздің тек Түрікменстаннан көші ілгері. Олар 142-орынды қанағат тұтып отыр.
Алдыңғы лектегі командаларға келер болсақ, Испанияның ұлттық құрамасы жеке-дара көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда – Аргентина мен Франция. Бұл алпауыттарды Англия мен Португалия өкшелеп келеді. Сондай-ақ ТОП-10-дыққа Нидерланд, Бразилия, Бельгия, Италия, Германия енді. Одан кейінгі ондықтың қатарында Хорватия, Марокко, Колумбия, Мексика, Уругвай, АҚШ, Швейцария, Сенегал, Жапония мен Дания бар.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы матчын Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін жолдастық кездесуде Фарер аралдарынан 0:1 есебімен есе жіберді.