Спорт • Бүгін, 07:48

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Sofascore» порталы 2025 жылдың қорытындысы бойын­ша ең жақсы нәтиже көрсеткен еліміз футболшылары- ның есімдерін атады. Үздіктер тізімін тасқамал қорғаушы Нұралы Әліп бастап тұр. Ұлттық құрама мен Ресей премьер-лигасындағы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының намысын қорғап жүрген қандасымыз әр ойын барысында орта есеппен 7,35 ұпай жинады.

Жарыс күнделігі
  • Щучье қаласында шаңғыдан еліміздің кубогі өтіп жатыр. Жарыста республикамыздың 11 өңірінен келген 150-ден аса спортшы бақ сынауда. Спринт бағдарламасында бас жүлдені Константин Борцов олжаласа, күміс медальды Сұлтан Базарбеков иеленді. Дастан Қалыбековке қола медаль бұйырды. Әйелдер сайысында Анна Мельник алтыннан алқа тақса, Надежда Степашкина күміспен күптелді. Дарья Ряжко үздік үштікті түйіндеді. Содан соң скиатлоншылар сайысқа түсті. Бұл бәсекеде Әмірғали Мұратбеков пен Надежда Степашкинаның мерейі үстем болды.
  • 2026 жылғы 19-24 қаңтар аралығында шайбалы хоккейден Ыстанбұлда (Түркия) өтетін қыздар арасындағы (U18) әлем біріншілігінің кестесі жарияланды. В дивизионының жолдамалары сарапқа салынатын жарыста еліміздің құрамасы 19 қаңтарда Жаңа Зеландиямен, 20 қаңтарда Латвиямен, 22 қаңтарда Түркиямен, 23 қаңтарда Нидерландпен, 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады. Алдағы додада жоғары топтан шығып қалған Оңтүстік Корея құрамасы ең мықты қарсылас болмақ. Сонымен қатар Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабы әлем чемпионатына дайындық жоспарын бекітті. 4 қаңтарда команда Өскемен қаласында жиналып, оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңін өткізеді. Ал 14-18 қаңтар аралығында дайындық Түркияда жалғасып, бір жолдастық кездесу жоспарланған.
  • Еуропалық теннис қауым­дастығы (Tennis Europe Tour) жыл қо­рытындысын шығарды. Үз­діктер қатар­ында 14 жас­тағы қазақтың жас да­рыны Ахмади Маха­нов та бар. Ол «Жылдың ше­телдік ойын­шы» аталымында озды. Осы маусымда Ах­ма­ди Швеция аста­насы Стокгольмде ұйымдас­тырылған Король кубогінің «Супер» санатындағы турнирінде топ жарды. Жұптық ойында «Авеню кубогі», «Тим Эссон», «Брселав Оупен» додаларында дара­ланды. Сондай-ақ Tennis Europe сериясындағы сайыстың финалында өнер көрсетті.
Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Бүгін, 22:48

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18