
Өндіріс • 14 Наурыз, 2025
Фосфор шикізатын өндіретін комбинат
Химия өнеркәсібі десе, жұрттың жадына Жамбыл облысы оралатыны анық. Қазыналы Қаратаудың қойнауынан өндірілген сары фосфор мен өзге де өнімдер еліміздің әр қиырынан бөлек, жылдар бойы өзге мемлекеттерге экспортталып келгені мәлім. «Қазфосфат» ЖШС өнімдерімен аты шыққан өңірде «Минералды тыңайтқыштар зауыты», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» секілді өндіріс ошақтарының да орны бөлек.
Әдебиет • 14 Наурыз, 2025
Көп ішінде жүріп, жалқының күйін кешкеннен асқан қасірет бар ма? Төңірегің түгел болса да, өз ішіңде жанған әлдебір алау жүрегіңе жүк артып қойғандай беймәлім сезім тұла бойыңдағы тыныштық күзетшісінің мазасын қашырып тұрғандай жаның жабырқайды. Құлазыған көңілдің пернесін әлдебір әуен қалыпқа келтіретіндей көрінеді. Жан тыныштығын әдемі әннен іздейтініміз де содан болса керек.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Талай тұлғаның табанының табы қалған қасиетті Әулиеата өңірінде дүние дидарымен қауышқан айтулы азамат аз емес. Театр, кино өнерінің тарланы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті әулиеаталықтар қай кезде де мақтан тұтады.
Медицина • 05 Наурыз, 2025
Ми тамырларының ісінуін емдеу дәрігерлерден жоғары кәсібилікті, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе мойны үлкен немесе мойны жоқ аневризмаларды арнайы әдіспен емдеу кезінде түрлі мәселе туындайды. Мұндай операцияны жасағанда аса сақ болған жөн.
Айтыс • 05 Наурыз, 2025
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 179 жылдығына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты дәстүрлі республикалық айтыс Әулиеата төрінде он үшінші рет өткізілді. 2012 жылы бастау алған республикалық деңгейдегі жыр додасы жыл сайын ғасыр жасаған ақынның туған күнінде ұйымдастырылады.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Қырғыз Республикасымен шекаралас жатқан Қордай ауданында 160 мыңға жуық халық қоныстанған. Ресми дерекке жүгінсек, аудан халқының 30 пайыздан астамын дүнген ұлтының өкілдері құрайды. Бірнеше ауылда дүнген халқы жергілікті жұртпен біте қайнасып өмір сүріп жатыр. Олардың қазақ халқына деген құрметі мен ықыласы қашанда зор. Қордайлықтардың көпшілігі дүнгендердің еңбекқорлығын, кішілік пен кісілік қасиетін жоғары бағалайды.
Жәдігер • 01 Наурыз, 2025
Облыстық тарихи өлкетану музейінің қорында ықылым заманнан сыр шертетін байырғы жәдігерлермен қатар, танымал тұлғалардан қалған түрлі бұйымдар да баршылық. Музейге келушілер жергілікті азаматтар тапсырған тарихи құндылықтармен бірге есімі елге елеулі азаматтардың бұйымдарын да қызыға тамашалайды.
Жәдігер • 28 Ақпан, 2025
Қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы жеке фотосуреттері мен қойындәптерін, әскери картасын және өзге заттарын музейге тапсыруды аманаттаған екен. Батырдың қойындәптері мен картасы елордадағы әскери музейде тұрса, қалған біршама жәдігер облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залына тапсырылған. Мұндағы жәдігерлердің бірқатары соғыс жылдарынан сыр шертеді.
Энергетика • 26 Ақпан, 2025
Өңірдегі бірнеше ауданда жасыл энергияға көшу бағытында ауқымды жобалар атқарылып жатыр. Инвесторларды тарту мен мемлекеттік деңгейдегі қолдаудың арқасында қазір облыста жалпы қуаты 571,3 МВт-ны құрайтын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Ойынханаға бір рет бас сұққан адамның құмар ойыннан бас тартуы тым қиын. Әлденеше жыл бұрын «Зенит», «Олимп», «Фортуна» секілді түрлі букмекерлік кеңселердің есігі келушілер үшін тарс жабылса да, құмарлықтың құрбанына айналғандар онлайн ойынға кірісіп кетті. Ғаламтор арқылы логин ашып, қалтасындағы барын шашып, тақырға отырса да, лудомандардың саны азаяр емес.