Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3498 материал табылды

Білім • 15 Тамыз, 2025

Сапалы білім негізі

Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Білім және зерттеу жылы» деп жариялауды ұсынды. Президенттің айтуынша, технологиясы дамыған болашаққа апарар жол білікті кадрлар даярлауға тікелей байланысты. Демек басты мақсат – білім сапасын, оның ішінде, орта білім беру сапасын көтеру. Себебі орта білім сапасы көтерілсе, білікті кадр даярлау деңгейі көтеріледі, елдің экономикасы мен ғылыми-инновациялық даму қарқыны артады.

Абай • 15 Тамыз, 2025

Қастерлі құндылық

Абай ұлт та­рихында өзі­нің өшпес ізін қалдырды. Қа­зақ­­тың жаз­­­ба әдебие­­­тінің негізін қа­лап, өмір­­шең өлең­дерімен биікке көте­рілді. Тағылымға толы қара сөздерін қалдырып, компози­торлығымен қаншама сыршыл әндер тудырды. Қоғамды мәдени, рухани, білім жағынан өркендетті. Ғұлама, ойшыл ретінде де танылып, ұлттың ұпайын түгендеген дара да дана тұлғаға айналды. Сондай-ақ Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша сөйлетті. Сондықтан Абайды сан қырынан танимыз.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2025

Жамбыл жұртшылығымен жүздесті

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысында жұртшылықпен кездесті.

Технология • 14 Тамыз, 2025

Еліміз ЖИ нарығында маңызы бар елге айналуы керек

2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 4,8 триллион долларға жетуі – адамзаттың технологиялық даму тарихындағы ең ауқымды серпілістердің бірі болмақ. Бұл – тек ІТ саласының емес, тұтас экономиканың құрылымын, еңбек нарығын, білім беру жүйесін және тіпті мәдениетті өзгертуге қабілетті құбылыс. Осындай қарқынды өзгерістер жағдайында еліміз бұл үдерістен шет қалмауға тиіс.

Қоғам • 14 Тамыз, 2025

Жаһандық кітапханашылар конгресі

Алдағы аптада Астанада әлем кітапханашылары бас қос­пақ. Еліміз осыдан екі жыл бұрын Халық­аралық кітапханалар қауым­дастықтары мен мекемелері федерацияларының (International Federation of Library Associations) шешімімен кезекті 89-конгресі өтетін ел болып белгіленген еді.

Руханият • 14 Тамыз, 2025

Құтты мекеннің тағылымды тарихы

Хакім Абай, тағы басқа көптеген дара тұлғамыздың есімдерін туризм арқылы кеңінен насихаттау – бүгінгі, яғни біздің заманымыздың талабы екенін Мемлекет басшысы дұрыс бағамдаған еді. Әдеби тұлғамыздың есімімен облыстың атын атап, дәріптеу – біріншіден, төл әдебиетімізге деген ерекше құрмет болса, екіншіден, халқымызға әлемдік ақыл-ой аламанында қазақ елінің қаражаяу емес екенін дәлелдеу міндетін жүктейді.

Жоба • 14 Тамыз, 2025

«Samruk Umiti» жобасы: 30 қатысушы жұмысшы мамандығын таңдады

Қор компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы балалар үйлерінің 100 тәрбиеленушісін кәсіби бағдарлауға арналған «Samruk Umiti» жобасы өз нәтижесін беріп отыр.

Аймақтар • 13 Тамыз, 2025

Теңіз ғылыми-зерттеу институтына қаржы бөлінді

Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемасын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Қоғам • 13 Тамыз, 2025

Үйірмеден – үлкен жетістікке

Қазіргі таңда оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына ықпал ететін маңызды құралдың бірі – үйірме жұмыстары. Үйірмелер – оқушыларға мектеп бағдарламасынан тыс қосымша білім беріп қана қоймай, олардың болашақ мамандығын анықтауына, жеке қабілетін жетілдіруіне мүмкіндік беретін орта.

Пікір • 12 Тамыз, 2025

Ауқымды жобаның аяқ алысы

Кейінгі жылдары елімізде білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылып келеді. Солардың ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ерекше назарда.