Саясат • Бүгін, 08:00

Экономикаға байыпты көзқарас керек

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Басқосу барысында елдің экономикалық даму келешегі, басым салаларды өркендету жолдары мен сыртқы тәуекелдер талқыланды.

Экономикаға байыпты көзқарас керек

Жиында Үкімет  басшысы орнық­ты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халықтың нақты әл-ауқатын арттыру басым міндет болып қала береті­нін атап өтіп, сараптама мен кеңес­тер алуға жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау бойынша кездесу­лердің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында сарапшылар қауымдастығының өкіл­дері экономикалық өсудің негізгі мәселелері мен бағыттарына өз бағасын берді. Сарапшылар сондай-ақ жаһандық үдерістер мен әлемдік конъюнктураның ықпалын ескере отырып, ұлттық экономиканың даму қарқынына қатысты болжамын айтты. Салалық жаңғыртудың басымдықтары, нарықтың неғұрлым өзекті сұраныстары әрі олармен технологиялық бастамаларды өзара байланыстыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Инфляцияға қарсы күрес шаралары, отандық өндірісті ұлғайту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, ЖИ-ді дамытуға электр энергиясын өндіру, инвестициялар тарту мәсе­лелері талқыланды.

Салық реформасын талқылау кезінде өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар қарыздың негізгі сомасы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда есептен шығарылады.

Кездесуді қорытындылаған Премьер-министр Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтің маңыздылығын атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Грозныйда АСА турнирі өтті

Спорт • Бүгін, 11:30