Пікір • 09 Қаңтар, 2026

Экожүйе қалыптастыруға жол ашады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттің «Turkistan» газетінде жарияланған сұхбатында цифрландыруға ерекше екпін берілгені қуантты. 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны біраз нәрсені аңғартқандай.

Экожүйе қалыптастыруға жол ашады

Сурет: ecc.kz

Бұл ретте Электрондық қаржы орталығында жасанды зердені дамытуға ұдайы көңіл бөлініп келе жатқанын айта кетейін. Қолға алынған перспективалы шешімдердің бірі – ЖИ бизнес-көмекші жобасы. Аталған құрал барлық кезеңде кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған. Мәселен, бизнестің идея сатысынан бастап оны нақты жүзеге асыруға дейін.

Озық жүйеде қарастырылатын негізгі функционалдардың бірі – болашақ кәсіпке арналған ұтымды орынды таңдау. Тиімді таңдалған жер – бизнестің табысты болуындағы маңызды фактор: бұл сату деңгейін, бәсекеге қабілетті ортаны және болашақ операциялық шығындарды анықтайды.

ЖИ-көмекшісі мемлекеттік ақпа­раттық ресурстармен интеграция­ланған және сенімді деректердің ауқым­­ды жиынтығын талдауға қауқар­лы: аудан­дардың экономикалық белсенділігі, сұраныс құрылымы, жұмыспен қамту деңгейі, бәсекелестік орта, салалардың даму серпіні. Осы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті алгоритмдер көзделген кіріс мөлшерін, рентабельдікті және тәуекелдерді болжап, әр локацияға ­дайын ұсыныстар жасай алады.

Аталған тетікті пайдалану қа­был­­данатын шешімдердің сапасын едәуір жақсартып, бастапқы кезеңдегі қателіктерден сақтануға көмек­теседі және ШОБ деректерге бағдар­ланған тәсілдің жаңа стандартын қалып­тас­тырады.

Цифрлы жаңғыртудың келесі кезеңі проактивті қызметті жолға қоюмен байланысты. Мәліметтердің жинақталуына байланысты мемлекеттік жүйелер кәсіпкерлердің қажеттіліктерін автоматты түрде анықтап, оларға тиісті мемле­кет­тік қолдау шараларын, жеңілдетілген бағдарламалар мен маңызды хабарламаларды ұсынады. Демек, іскер азамат қажетті қызметті іздеп әуре болмайды, керісінше «қызмет пайдаланушыны өзі табады» моделіне басымдық беріледі.

Мемлекеттік сервистерді интегра­циялау, Бірыңғай жеке кабинетті құру мен ЖИ шешімдерін дамыту – озық цифрлы экожүйені қалыптастыруға жол ашады. Осы арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімді, жылдам және технологиялық тұрғы­дан алғанда, заманға сай болады. Өз кезегінде кәсіпкерлер сенімді және орнықты өсімге мүмкіндік беретін тың тетікке қол жеткізеді.

 

Дияс КРАМШЕЕВ,

Электрондық қаржы орталығының басқарма төрағасы 

Соңғы жаңалықтар

Тежеу мен демеу

Ғылым • Бүгін, 08:45

Ғалым еңбегімен беделді

Тұлға • Бүгін, 08:38

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Мәдениет • Бүгін, 08:25

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:22