Аймақтар • Бүгін, 07:45

Өңірде цифрландыру қарқыны сараланды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Өңірде цифрландыру қарқыны сараланды

Сурет: instagram.com/ortalyq.kz

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 2026 жылға арнал­ған цифрлық трансформацияның басым бағыттарын айқындау бойынша өңірлермен жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Әкімдіктермен және жергілікті салалық ұйымдармен бірлесіп, цифрлық даму жоспарлары мен жасанды интеллект шешімдерін енгізуге дайындық деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізіліп отыр.

Қарағанды қаласында облыс басшы­лығы және салалық қызметтермен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі цифрлық трансформацияның серпіні, IT-индустрияның дамуы, сондай-ақ жасанды интеллектіге негізделген шешімдерді экономика мен мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.

Талқылаудың негізгі бағыттары теле­коммуникациялық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікті дамыту, өңірлік IT-хабтардың әлеуетін арттыру, халыққа қызмет көрсету цифрлық кеңселерін трансформациялау, Smart City жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканың нақты секторын цифрландыру болды.

Әрбір аталған бағыт бойынша өңір­лік ерекшеліктер мен нысаналы көр­сеткіштерді ескере отырып, оларды одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар мен тәсілдер таныстырылды.

Өңірде қоғамдық қауіпсіздік, көлік, қалалық инфрақұрылым мен деректерді басқару салаларында цифрлық жүйелер нақты уақыт жағдайында жұмыс істейді. Вице-премьер қолданыстағы цифрлық жүйелердің қызметімен танысты. Олардың күнделікті тәжірибедегі тиімділігі баға­ланып, әлсіз тұстары анықталып, күшейту шаралары белгіленді.

Кездесу қорытындысында азаматтарға ыңғайлы, бизнеске тиімді болғаны әрі үрдістердің ашықтығы басымдыққа алына отырып, 2026 жылға арналған жоспарға енгізілетін нақты міндеттер мен ұсыныстар тізбегі жасақталды.

Соңғы жаңалықтар

Грозныйда АСА турнирі өтті

Спорт • Бүгін, 11:30