Сурет: info.homsters.kz
Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі міндеттерін айқындайды әрі жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі құрылыс нысандарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды.
Жоспарда құрылыс саласындағы үдерістерді жеңілдету мен жеделдетуге бағытталған кешенді практикалық шаралар көзделген. Басым бағыттардың қатарында міндетті BIM-жобалауды енгізу, құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, нысандардың цифрлық паспорттарын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарын машинамен оқылатын форматқа көшіру бар. Бұл шаралар қолмен орындалатын операциялар санын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға әрі құрылыс жобаларын жүзеге асырудың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспарды жүзеге асыру саланың ашықтығы мен басқарылуын қамтамасыз етуге, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.