Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23695 материал табылды

Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024

Ғылыми зерттеу еңбектері коммерциялануға тиіс

Премьер-министр Олжас Бектенов NU, НЗМ және «Назарбаев қоры» Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді. Атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалып, одан әрі даму жоспарлары қаралды.

Үкімет • 03 Желтоқсан, 2024

Күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросында депутаттар Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Тағзым • 03 Желтоқсан, 2024

Қаламгердің болмысы әспеттелді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйым­дастырылған ІІІ Жұмабек Кенжалин оқулары қаламгердің 70 жылдығына ар­нал­ды. «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үрдістер: БАҚ ме­нед­ж­­менті мен маркетингі және PR» тақырыбында өткен ха­лық­арылық ғылыми басқосудың мәні мен маңызы, айшықты маз­­мұны талантты қаламгер-публицистің ар­тында қалдырған мол мұрасын, қалыптастырған мектебін зерделеу­ге арналды.

Жансарай • 03 Желтоқсан, 2024

Қойлыбайдың қобызы

Көш бастаған үлкендердің көбі біз көрмеген жаққа қарай жүріп кеткен. Ортамыздан талай талапты да талантты жастар кетіп жатқаны өкінішті-ақ...

Тұлға • 03 Желтоқсан, 2024

Даланы әнмен тербеген

Қазақ ән өнеріндегі жарық жұлдыз, өнер қайраткері, қазақ эстрадасының асқақ дауысты әншісі, киноактер, композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Суат Әбусейітовтің туғанына биыл 95 жыл толып отыр.

Тұлға • 03 Желтоқсан, 2024

Ақтаңгер ақын

Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1864 жылы бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілдер ауданында туған. Азан шақырып қойған аты – Нұрмағанбет. Ол – халық композиторы һәм әйгілі әнші, ақтаңгер ақын, ат ойынының түрлі тәсілін шебер меңгерген өнерпаз, жауырыны жерге тимеген балуан. Қазақ цирк өнерінің іргетасын қалаған сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі.

Аңдатпа • 03 Желтоқсан, 2024

Аңдатпа

5 желтоқсан - «Ғашық жүрек» Музыкалық жас кө­рермен театрында М.Ма­қатаевтың «Ғашық жүрек» музыкалық поэтикалық қойылымы ұсынылады. Ре­жис­сері – А.Ғұмаров. 

Кітапхана • 30 Қараша, 2024

Кітапхана және жасанды интеллект

Биыл елімізде Жасанды интеллектіні дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Қазіргі күні жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүкіләлемдік деңгейде кітапхана саласында да берік орнығып, кеңінен қолданысқа еніп отыр. Мысалы, АҚШ-та «Газет навигаторы» небәрі 19 күннің ішінде 16 358 041 газет бетін өңдеп, жіктеді. Ал Ұлыбританияда «Хью» кітапхана каталогі сөйлей алуымен бірге басып шығарылған көшірмелердің орнын біледі, дыбыстық сұрауларды қабылдап, оқырманды қажетті кітап сөресіне бағыттайды.

Үкімет • 30 Қараша, 2024

Ведомстволық награданы терең зерделеу керек

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төр­ағалы­ғымен Мем­лекет­тік рәміздер мен ведомс­тво­лық және оларға теңес­тірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Үкімет • 30 Қараша, 2024

Қазақ тілі – мәдени құндылық

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.