Қоғам • 27 Мамыр, 2025

Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке ресми тізімге енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған жаңа бұйрық жобасында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Министрліктің жариялаған құжатында Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізбесіне келесі жаңа атаулы күндерді қосу ұсынылған:

• Қазақстан кәсіпкерлері күні

• Қазақстан қолөнер шеберлері күні

• Табиғи монополия қызметкерлері күні

• Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні

• Кадр қызметі мамандары күні

• Қоғамдық тамақтану қызметкерлері күні


Сондай-ақ Энергетиктер күніне қатысты өзгеріс енгізілмек. Бұған дейін бұл мереке желтоқсан айының үшінші жексенбісінде аталып өтсе, енді нақты күні – 22 желтоқсан болып белгіленуі мүмкін.

Аталған бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжатқа қатысты пікірлер мен ұсыныстарды 12 маусымға дейін жолдауға болады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Кенжегүл Сейітжан Қазақстанда Балаларды қорғау күніне (1 маусым) ресми мемлекеттік мереке мәртебесін беріп, бұл күнді демалыс күні ретінде бекітуді ұсынған болатын.

Сонымен қатар маусым айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күтіп тұр. 6 маусым – жұма күні Құрбан айт мейрамына орай ресми түрде демалыс күні болып бекітілген.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ 2 курс студенті