Спорт • 27 Мамыр, 2025

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында  жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

Фото: ашық дереккөз

Әлемдік рейтингте 103-орында тұрған Шевченко негізгі жарысқа «лаки лузер» ретінде қосылған еді — яғни, басқа спортшының бас тартуына байланысты мүмкіндік алған. Алғашқы айналымда ол сербиялық Душан Лайовичпен (125-орын) кездесіп, үш сетке созылған ойында жеңіске жетті — 6:2, 6:4, 7:6 (7:4).

Кездесу екі сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко үш эйс жасап, үш қос қателік жіберді. Сондай-ақ, ол сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Шевченко америкалық Итак Куинн мен болгариялық Григор Дмитриев арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті