Экология • Бүгін, 21:33

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында еліміздегі ең ірі қорғалатын аумақтардың бірі – «Арал орманы» мемлекеттік табиғи резерваты құрылуы жоспарланып отыр. Жаңа қорықтың жалпы аумағы миллион гектардан асады, бұл оны Қазақстандағы ең ауқымды табиғи резерватқа айналдырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі (архив)

24.kz мәліметінше, ауқымды экологиялық жобаның негізгі мақсаты – сексеуіл ормандарын сақтау және қалпына келтіру. Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі орман қорының 83% сексеуіл алқаптарына тиесілі. Бұл өсімдік Арал теңізінің құрғаған табанынан ұшатын тұзды шаң мен құм көшкініне табиғи тосқауыл болып, экожүйені қорғауда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, жаңа резерват ғалымдарға өңірдің қатал климатына бейімделген флора мен фаунаны жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді.

Сексеуілді алқаптың ауқымы кеңейеді

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебайдың айтуынша, әрбір сексеуіл ағашы кемінде 2,5-3 тоннаға дейін топырақты ұстап тұра алады. Бұл топырақтың көшуін азайтып, тұздануды төмендетуге ықпал етеді. Сонымен бірге флора мен фаунаның өзгеруіне де әсер етеді. 2021-2022 жылдары егілген сексеуілдер арасында құландар мен қояндардың іздері жиі кездесіп отыр.

Жаңа резерваттың құрылуы экожүйені сақтауға, шөлейттенуге қарсы күресті күшейтуге және биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Аралдың құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл отырғызылған

Соңғы жаңалықтар