Денсаулық • Бүгін, 17:58

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы Қазақстанда бір адам алкогольге орта есеппен 6,4 мың теңге жұмсаған. Осылайша соңғы 15 жылдағы ең төмен деңгей қалыптасып отыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан

Бюро мәліметінше, соңғы 14 жылда алкоголь шығындары азайған, номиналды түрде 3 рет, нақты мәнде 7 рет қысқарған.

Өңірлердің 13-інде шығын азайған. Ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан облысы мен Астанада байқалған. Ал Қарағанды облысында, керісінше, шығын 2%-ға өсіп, 14,2 мың теңгеге жетіп, көш бастады. Ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында − 0,8 мың теңге тіркелген.

Қызылордада алкоголь сатылмайтын ауылдар көбейді

Темекіге келсек, шылым шығындары 8 жыл қатарынан азайып келеді.

Темекіге ең көп ақша жұмсайтын өңірлер қатарында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бар. Ең төменгі көрсеткіш Шымкент, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалған.

Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті

Алайда Ұлттық статистика бюросы келтірілген орташа көрсеткіш әр адамның нақты шығынын дәл көрсетпеуі мүмкін екендігін ескертеді. 

 Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар