Қаржы • Бүгін, 17:49

Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Halyk Finance сарапшыларының болжамынша, 2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы 540 теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды

Сарапшылардың мәліметінше, биыл теңгенің уақытша нығаюына бірқатар фактор әсер еткен. Атап айтқанда, жоғары базалық мөлшерлеме, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) үшін валютаны сатып алудың тоқтатылуы, айналым операциялары, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары негізгі себептердің бірі болып отыр. 

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Алайда Halyk Finance бағалауынша, теңгенің нығаюы ұзақ мерзімді емес.

«USD/KZT бағамы мұнай мен металл бағасына, геосаяси тәуекелдерге және негізгі сауда серіктестерінің валюта саясатына тікелей тәуелді», дейді инвестициялық компания сарапшылары.

Болжам бойынша, егер мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 85 доллар деңгейінде сақталса, 2026 жылдың соңына қарай доллар шамамен 540 теңге болуы мүмкін.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар