Әлем • Бүгін, 17:54

Ресейде үш қазақ мектебі ашылады: Лавров білім саласындағы жаңашылдықтарды жариялады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей алдағы уақытта алты бірлескен мектеп салу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде үш қазақ мектебі ашылады: Лавров білім саласындағы жаңашылдықтарды жариялады

Фото: Ашық дереккөз

Сергей Лавровтың айтуынша, білім саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастардың маңызды басымдықтарының бірі болып қала береді.

Оның сөзінше, өткен жылы Ресейде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жұмысын бастаған. Ал Қазақстанда сегіз ресейлік жоғары оқу орнының бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

«Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – алты бірлескен мектеп салу. Оның үшеуі Ресей аумағында, үшеуі Қазақстанда бой көтереді», деді Сергей Лавров.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Сондай-ақ Ресей СІМ басшысы Қазақстан тарабына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құруға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ұйымның хатшылығы 1 сәуірден бастап Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында жұмысын бастаған.

14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды

Айта кетейік, бұған дейін Астана мен Алматыда талантты балаларды қолдау жөніндегі ресейлік «Сириус» мектебінің филиалдарын ашу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар