Төтенше жағдай • 27 Мамыр, 2025

Ақтөбеде шахта өртеніп, үш жұмысшы күйік алды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Актөбе облысы, Хромтау ауданы – «Болашақ» шахтасының өндіру блогында ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануы салдарынан үш жұмысшы күйік алған, деп хабарлайды Egemen.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбеде шахта өртеніп, үш жұмысшы күйік алды

Фото: ашық дереккөз

Оқиға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезекші электр шеберлері арасында болған. Үш қызметкер беті мен қолынан ауыр күйік жарақаттарын алып, жедел түрде Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Кәсіпорын баспасөз қызметінің мәліметінше, жараланған қызметкерлердің жағдайы бақылауда және жетекші дәрігерлер мен туған-туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған.

Оқиғаның себебі мен нақты жағдайы анықталып жатыр.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті