Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23695 материал табылды

Егемен Қазақстан • 30 Қараша, 2024

«Хат қоржын»

Ерекше балаларды қолдай білейік Білім – шексіз әлем. Осы шексіз әлемде әркім өзіне керегін алуды көздейді. Сол жиғаны өмірін жақсартуға негіз боларына сенеді. Сондай жандардың бірі – ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Бұрын екі аяғынан жүре алмағандықтан, мектепке қатынай алмайтын оқушылар білім алу мүмкіндігінен айырылып қала беретін. Қазір мүмкіндіктер аясы кеңейді. Соның нәтижесінде, инклюзивті білім, инклюзивті оқыту ұғымы қалыптасты. Осылайша, ерекше қажеттіліктері бар балаларды ортаға үйрету, бейімдеу, қоғамға қосу, сол арқылы дамуында кінәрат жоқ балалармен бірге тәрбиелеу, оқыту бүкіл білім жүйесінің негізгі міндетіне айналды.

Саясат • 29 Қараша, 2024

Мемлекеттік басқарудың жаңа көкжиектері

Биыл Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына – 30 жыл. Оның қалыптасуы мемлекеттік басқарудың бейімділігі, белсенділігі мен сапасына жаңа талаптар қойған жаһандық өзгерістер мен трендтер аясында өтіп жатыр. Бұл кезең, сонымен қатар, осы және басқа да сын-қатерлерге жауап ретінде мемлекеттік басқарудың жаңа доктриналарының пайда болуымен сипатталады.

Бюджет • 29 Қараша, 2024

Бюджет қаражатын үнемдейтін сервис

Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу мен бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында «Tapsyru» сервисі іске қосылды. Әзірге қанатқақты режімде жұмыс істейді.

Сараптама • 29 Қараша, 2024

Спорттың алуан түрлі пайдасы бар

Тұрақты спортпен шұғылдану созылмалы аурулардың, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының және екінші типтегі қант диабетінің қаупін азайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, физикалық белсенділік жұқпалы емес аурулардан болатын өлімді 30%-ға төмендетуі мүмкін. Мысалы, халықтың 50%-дан астамы үнемі спортпен шұғылданатын Солтүстік Еуропа елдерінде мұндай аурулардан болатын өлім көрсеткіші физикалық белсенділігі төмен елдерге қарағанда 20%-ға төмен.

Саясат • 29 Қараша, 2024

БАӘ Ұлттық күніне арналған іс-шараға қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Спикер жиналған қауымды мерекемен құттықтап, достас Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.

Пікір • 29 Қараша, 2024

Ел іргесін бекемдейді

Астанада өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, сондай-ақ өңірлік қана емес, жаһандық тұрақтылықты да сақтауға бағытталған іргелі қадам деп айтуға негіз бар. Осы жылдың басынан біздің еліміз ұйымға төрағалық етіп келеді. Бұл уақыт аралығында Қазақ елі заман талаптары мен уақыт сын-қатерлеріне жауап беретін шешімдер қабылдап, өз міндеттемесін ойдағыдай орындады.

Пікір • 29 Қараша, 2024

Қандастарды қуантқан жаңалық

Күні кеше ғана қол жеткізген өзара келісімдер Еуразия құрлығының кіндігінде орын тепкен екі елдің іргелес жатқан ұзын шекарасы ортақ сенімді одақтас пен сенімді серіктестікке серпін беріп отыр.

Пікір • 29 Қараша, 2024

Сарапшылар кеңесі – дипломатияның бір тармағы

Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің арасында экономикалық қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Екі ел ынтымақтастық шеңберін­де 100-ден аса бірлескен жобаны жүзе­ге асырып жатыр. Гуманитар­лық, ғылым, білім беру және бизнес саласындағы байланыс жыл санап нығая түсуде.

Білім • 29 Қараша, 2024

Педагог-ассистенттер даярлайды

Келесі оқу жылынан бастап еліміздегі колледждер педагог-ассистенттер даярлайды. Бұл ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Зерде • 29 Қараша, 2024

Нұрын шашқан Нұран баб

Жалпы, Алла Тағаланың берекесі қонбаған мекеннің үстінде жұрт ел болып ұйыса алмайды, ал ілім қонбаған елдің болашағы мүлде жоқ. Алла сол елге ілімнің гауһар жаңбырын төгем десе, сол елдің ішінен өзіне ғана жүрегі бұрылып, оның асыл діні – Исламға буыны мығым бекіген әулие-әнбиелер арқылы жаудырады. Алланың сүйікті пенделері сол елдің құт-берекесіне, темірқазығына айналып, сол мекеннің алапатын асырып, ырысын молайтады.