Спорт • 27 Мамыр, 2025

Елордада ат спортынан халықаралық жарыс басталады

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы аралығында елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде екі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ат спортынан халықаралық жарыс басталады

фото: ашық дереккөз

Конкурс бойынша Еуразия Лигасының Әлем Кубогындағы  кезеңдері мынадай.  (FEI CSI 1*-W) және атпен мәнерлеп жүру (FEI CDI 1*) .

Бұл сайыстар Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ресми қолдауымен өткізіледі. Жарысқа Армения, Грузия, Иран, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан мен Қазақстаннан келген 60-қа жуық спортшы қатысады. Қатысушылар күш-қайрат, шапшаңдықты қажет ететін спорт түрлерінен бақ сынайды.

Конкур – жылқы мен шабандоздың әртүрлі биіктіктегі кедергілерден өту шеберлігін бағалайтын олимпиадалық бағыт. Бұл спорт түрінің мақсаты – белгіленген қашықтықты мүмкіндігінше тез әрі қатесіз еңсеру. Атпен көркем жүру – шабандоз бен аттың арнайы алаңда белгілі бір тәртіппен қозғалыстар орындауын талап ететін жоғары деңгейлі спорт бағыты. Қазақстанда мұндай дәрежедегі спорт түрінен жарыс  өткізілуі – елдегі ат спортының даму үдерісін және оған деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Бұл дода отандық спортшылар үшін тәжірибе жинап, үздік халықаралық қарсыластармен сайысуға, сондай-ақ маңызды турнирлерге жолдама иеленуге мүмкіндік береді.

Жүлде қоры 24 000 АҚШ долларын құрайды.
Өтетін орны: «Арғымақ» АССК, Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 1.
Өту мерзімі: 2025 жылғы 30 мамыр – 1 маусым.

Басталуы: сағат 09:00.
Кіру еркін.

2025 жылға жоспарланған Еуразиялық лига аясындағы Әлем Кубогының кезеңдері келесі қалаларда өтеді: Ташкент – 1 (Өзбекстан), Ташкент – 2 (Өзбекстан), Бішкек – 3 (Қырғызстан), Астана – 4 (Қазақстан), Тбилиси – 5 (Грузия), Тбилиси – 6 (Грузия), Ереван – 7 (Армения), Тегеран – 8 (Иран).

Лига аясында өтетін «Grand Prix» санатындағы негізгі маршрут нәтижесінде 2025 жылғы конкур бойынша Әлем Кубогының финалына қатысу жолдамасы сарапқа салынады.

ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметі
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118

Дамира Төлеген,

ЕҰУ студенті