
Талбесік • 31 Қазан, 2024
Қазақтың көрнекті жазушысы Ақселеу Сейдімбектің «Түлкі түгінен жазған» әңгімесін мектепте оқыдық әрі сол тіршілік иесінің еңбекқорлығы мен төліне деген ерекше жанашырлығына таңданумен келеміз. Бұрындары қазақ баласының қай-қайсы да түлкі аңы туралы естісе елең ете қалушы еді. Себебі ит айтақтап, кезекпен мал бағып жүріп, қыр-жоталарда үйме топырақ маңайындағы інге үңіліп, ішінде түлкі бар ма екен деп қызық қуу әрбір ауыл баласының ермегі еді деуге болады.
Сараптама • 30 Қазан, 2024
Қазіргі кезде спорттағы әйелдің орны мен рөлі туралы таным мен түсінік, әйел бейнесі жөнінде қалыптасқан әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінде ерлердiң әйелдерден басымдығы өзгерiстерге ұшырай бастады.
Жансарай • 29 Қазан, 2024
Қасым аға! Өмірінде пендешіліктен ада, шешенсіп көзге түсуден аулақ, қашан көрсең де қариялылықты қадір тұтып, ақсақалдыққа адал болып жүрген жан ол. Бұл кісінің осы қасиеттерін көргенде: «Сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің бойындағы мұндай тұрақтылық пен бірқалыптылықтың сыры неде?» деген сұрақ келеді көкейімізге. Кезінде осыған жауап іздеп, «Дегдар» атты портреттік очерк пен «Бір өмірдің үш беті» деген мақала жазғанымыз бар. Бірақ сол туындыларымыздың өзінде ағамыздың болмыс-бітімін толық ашып бере алдық дей алмаймыз. Сондықтан жоғарыдағы жазбаларымыздың «кем-кетігін» толықтыру ретінде осы ғазиз жан жөнінде қолымызға қайта қалам алып отырмыз. Мақсат: өмір деген ұзақ жолда көргені көп, қым-қуыт мына тіршілікте жиған тәжірибесі мол, ХХ және ХХІ деп аталатын қос ғасырдағы күрделі оқиғаларға куәгер оның әр кездері біздерге айтқан сирек жайттарға толы сөздерін бүгінгі ұрпаққа еш қоспасыз жазып, жеткізу.
Тарих • 25 Қазан, 2024
Әлихан Бөкейханның өшпес ерлігі
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан – Қазақстан азаттығының, тәуелсіздік жолындағы ұлт зиялылары күресінің рәмізіндей есім. Уақыт өткен сайын осы тұлғаның әрбір елдік ісі айшықтала түседі деп санаймыз.
Пікір • 25 Қазан, 2024
Өз мәнін қайта тапқан Республика күні мерекесінің өнер адамдарына беріп жатқан ырзық-несібесі, қуанышы мол. Біздің еркелеп, осылай мерейіміз тасып, «Халық әртісі» атанып жатқанымыз да ең әуелі осы елдігіміздің арқасы болса, екіншіден, өнерімізді бағалап, төбесіне көтеріп, бүгінге дейін қошеметін аямай келе жатқан халқымыздың, патша көңілді көрермендеріміздің риясыз пейіл-тілеуінің арқасы деп білемін. Бұл құрметті атаққа менен бұрын сол жанашырларым қатты қуанған сияқты. Көшеде көріп қалған адамдардың өзі танып, құтты болсын айтып жатыр. Танысақ та, танымасақ та құшақтасып, кешеден бері мәре-сәре күйдеміз. Мұның барлығы көңілді ерекше толқытады екен, көзіме жас келді. «Осы уақытқа дейін өнер жолында бекер жүрмеген екенбіз, еңбегіміз еш кетпепті» деп шүкіршілік еттім.
Руханият • 25 Қазан, 2024
Ұлттың ұлы мерекесі Республика күнін қарсы алған сайын толқитыным рас. Өйткені бұл – мен үшін ерекше күн!
Тарих • 25 Қазан, 2024
Биыл ХІХ ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, даңқты батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының туғанына екі жарым ғасыр толып отыр. Осыған орай, таяуда елдің ардақты тұлғасының туған жерінде ұлықтау шаралары өтіп, соның аясында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Сол жиынның қорытындысы іспетті бұл мақала отандық және шетелдік архивтердің құжаттарына, ел ішінде сақталған шежірелік деректерге негізделген.
Пікір • 25 Қазан, 2024
Биыл Мемлекеттік сыйлыққа қаламдастар менің балалар әдебиетінің сыны жайындағы «Адамның бір қызығы бала деген» атты кітабымды ұсынды. Сараптама комиссиясы еліміздің талантты ақыны Светқали Нұржан екеумізді лайық деп тауыпты.
Әдебиет • 24 Қазан, 2024
Адамзат тарихында ғажап табиғатымен, толағай тума талантымен, қарымды ісімен заманды заманға, қоғамды қоғамға ұластыратын тұлғалар болады. Халық ондай адамдарды ұлы деп дәріптейді. Қазақ халқының тарихында да ондай ұлылар аз болған жоқ. Әдетте ондай адамдар көзі тірісінде емес, уақыт өте келе шынайы бағасын алып жатады. Бұл да тарихтың, адамзат қоғамының бұлжымайтын заңдылығы болса керек. Үлкенді көру үшін қашықтық қажет, ұлыны тану үшін уақыт керек. Бұл да жасандылықсыз, зорлықсыз, өз ретімен жасалатын іс.
Қоғам • 24 Қазан, 2024
«Самұрық-Қазына»: Республика күніне әлеуметтік тарту
Мемлекет басшысы әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетуге ерекше мән беріп отырғаны аян. Ел саясатында адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу негізгі басымдықтар саналады. Инклюзия, яғни тең қоғамды дамыту, медицина мен білім, ауылдық жерлерді дамыту сынды бағыттардың басын қосқан кешенді қағиданы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы да берік ұстанады.