
Кездесу барысында Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, үкіметаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруды үйлестіру қажеттігі атап өтілді.
2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 900 млн долларға жетті, биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 200 млн долларға жуықтады.
Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сондай-ақ кездесу соңында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, оның ішінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.