Өшпес даңқ • Кеше

Батырлар есімі ескерткішке қашалды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл адамзат баласының тарихындағы зардабы мен қасіреті өте ауыр, ең қанқұйлы Екін­ші дү­ние­жүзілік соғыс­та­ғы Жеңіске 80 жыл толды. Неміс басқыншы­лары­на қарсы күресте Қазақ­станның қосқан үлесі ұшан-теңіз. Соғыста атылған әрбір он оқтың тоғызы елімізде шығарылса, әрбір бесінші отандасымыз майданға аттанды. Сол майдангерлердің өзі бүгінде азайып барады. Алайда ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған асыл жандар санадан сызылып, ойдан өшпеуге тиіс.

Батырлар есімі ескерткішке қашалды

Біздің Панфилов ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің бас­та­масымен Панфилов ауылын­да ҰОС ардагерлеріне ескерткіш орнату ерте көктемде қолға алы­нып, 9 мамыр Жеңіс күнінде ашыл­ды. Бұл ескерткіш-тақта­да Панфилов, Арқабай, Түзу­сай ауылдарынан соғысқа қа­ты­сып, бейбіт өмірде еңбек етіп қайтыс болған 178 жерлес­іміздің аты-жөні жазылды.

Осы тізімнің ішінде Құдай­берген Жансері­ков соғыста көр­сет­кен ерліктеріне сай екі рет Кеңес Одағының батыры ата­ғы­на ұсынылып, ала алмай қал­ған. Бұл майдангерге Пан­филов ­ауылынан көше берілді. Жеңіс­тің 80 жылдығына орай екі майдангерге көше атауын беру туралы аудан әкімінің атына ұсыныс берілді. Осы ескерт­кіштің орнатылуына де­меу­ші­­­лік жасаған кәсіпкерлер мен жал­­пы жұртшылыққа риза­шылы­­ғы­мызды білдіреміз.

Майдангерлердің есімі қашалып жазылған ескерткіш жанында «Ерлік – елге мұра, ұр­паққа ұран» атты салтанат­ты жиын өтті. Іс-шараның ашы­лу рәсімінде Алматы облы­сы­ның құрметті азаматы Нұр­сейіт Құдықов, Панфилов ауыл­дық округінің әкімі Дулат Дауле­та­лиев, әкім орынбасары Сауле Мықтыбаева, Панфилов ауыл­дық ақсақалдар кеңесінің мүше­сі Султан Низамов лебізін біл­дір­ді. №33 орта мектеп ұжы­мы кон­церт­тік бағдарлама ұсын­ды. ­Іс-шара соңында қонақтар ­мен ауыл тұрғындары ескерт­кіш­ке гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтары Панфиловтың да бюстіне қойы­лып, құрмет көрсетілді.

Осындай тағылымды іс-шара округ аумағындағы Жі­бек Жолы, Қарабұлақ, Төңке­­ріс ауыл­дарындағы майдангер­­лер­ге арналған ескерткіштер­дің де ­жанында өтті.

2024 жылдың ақпан айын­да №17 орта мектепте өт­кен басқосуда Жеңістің 80 жыл­ды­ғына дайындық туралы әңгіме қозғалған еді. Жиын­да ғалым, профессор Лейла Ахметова мен ҚХА мүшесі, этно­медиатор Жұмақыз Бұта­­бае­ва біздің ескерткіш орнату ­туралы ұсынысымызды қол­­­дап, жобаға қосқан еді. Осы кісі­­лер­дің ұйытқы болуы­мен арда­гер­лердің аты-жөнде­рін нақты­лап, тізімге қосу жұмыстарын бас­тап кеттік. Бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесінде бұрынғы ескерткіштің жалғасы ретінде жаңа ескерткіш орнатылды.

Батыр бабала­рымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болады деп санаймыз. Ерлік ешқашан ұмы­тылмайды.

 

Абай ЖҰРЫНОВ,

Панфилов ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

 

Алматы облысы,

Талғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03