Спорт • Кеше

Жаңаөзендегі сайыс

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде кәсіби және бұқаралық спорт – елеулі басымдықтың бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», деген еді. Осы бағытта Президент тапсырмасымен «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. Бұл жоспар өңірлерде кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр.

Жаңаөзендегі сайыс

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы да  спорт саласына  айрықша көңіл бөліп, ауылда, қалада балалар ойнайтын алаңшалар, воркауттар, жаңа спорттық кешендер  ашып, жұртшылықты қуантып келеді. Жалпы, жаңаөзендіктердің спорт­қа деген бетбұрысы елеу­лі. Бұрындары спортпен негі­зін­де жастар  шұғылданатын   болса, кейінгі кездері стадионда, спорт алаңдарында үлкен кісі­лер таңнан жаттығу жасап жүргенін жиі көретін болдық. Бұл – ел сала­маттылығындағы са­бақ­тас­тықтың жақсы нышаны.

Таяуда Әмин Тұяқов атын­дағы орталық стадионда рес­пуб­ликалық спорт фестивалі өтті. Жаңаөзенде өткен тұңғыш  фес­тиваль дзюдо, грек-рим, еркін күрес ойындарын қамтыды.

пр

Фестивальға 12 өңірден 600-ден астам спортшы қатысып, аталған спорт түрлерінен бақ сынады. Жарыс ел бірлігі мен отаншылдық деңгейді көрсетті. Сонымен қатар 16–17 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, мұнайшы Жеңіс Жарылғапұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы ІІІ республикалық ашық тур­нирдің финалы өтті. Шараға Астана, Алматы, Атырау, Ақ­төбе өңірлерінен және көр­шілес Ресей Федерациясы Баш­құртстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен бокс­шылар қатысты. Бір мәнді оқи­ға: финалдан соң, көрермен­дер үшін кәсі­би бокстан арнайы кездесу ұйым­дастырыл­ды. Рингке жерле­сіміз, жаңаөзен­дік спортшы Уәлихан Бисен­құлов пен каме­рундық кәсіпқой ­боксшы Кристиан Вуапи шықты. Аса тартыс­ты жек­пе-жекте ай­қын  ба­сым­дық­пен Уәлихан Бисенқұлов жеңді.

Ел тарихына енетін  спорт­тық іс-шаралардың Жаңаөзен қаласында  ұйымдастырылуы өңір жастарын ынталандырып, жұртшылықты серпілтіп тастады. Әрине, бірінші кезекте бұған себепші – Жаңаөзен қаласы әкімдігінің спортқа деген мемлекетшіл жауапты көз­қарасы. «Жас келсе – іске» демекші, «Жаңаөзен – спортшылар қаласы» деген ұранды сөзбен емес, нақты іспен  дәлелдеп жүрген Жансейіт Қайнарбаевтың еңбегін ерекше атап өткіміз  келеді. Алдағы уақытта сүйікті қаламыз Жаңа­өзенде мықты бапкерлерден дәріс алған  олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ния­зымбетов, Еуропа чемпионы Бекзат Нұрдәулетов секілді талай әлем танитын жеңімпаздар шығатынына сенімдіміз.

 

Асқар НОҒАЕВ,

Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03