Фото: istockphoto.com
Тексеру барысында пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген жер учаскелерінің лицензиясының қолданылу мерзімі аяқталғаны және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны белгілі болып отыр.
«Соған қарамастан, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған, олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері жоқтығына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырған», делінген хабарламада.
Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.