Спорт • Бүгін, 12:40

Темірлан Анарбеков тағы да таңдаулылар қатарынан көрінді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропаның футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында қақпашылар жасаған үздік сейвтердің бейне топтамасын ұсынды. Үздіктер қатарында алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темірлан Анарбеков тағы да таңдаулылар қатарынан көрінді

Фото: Ашық дереккөз

Темірлан Анарбеков матчтың екінші жартысында «Копенгаген» ойыншысы Дзюнносукэ Судзукидің алыстан бағыттаған қатты әрі дәл соққысын тойтарып, қақпасын сақтап қалды. Қақпашының «мысықша» секіріп қайтарған добы жанкүйерлер мен сарапшылар арасында жоғары бағаланды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашаға қараған түні өткен ойында Алматылық «Қайрат» түзде «Копенгагенге» есе жіберді. Есесіне Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшылары атанды.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» арасындағы ойында да Анарбековтің  сейвтері ТОП үштіктің қатарынан табылып еді