Экономика • Бүгін, 15:32

Тоқаев: «Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді»

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Онда қазақ басшысы екі ел арасындағы сауда жетістігіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев: «Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді»
«Мен Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, өз елі арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізу туралы шешім қабылдағаны үшін ризашылығымды білдірдім. Мысалы, биылғы қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға Қазақстан бидайының алғашқы 1 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бастаманың саяси және экономикалық мән-маңызы айрықша. Біз Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу және әуемен жүк тасымалдау жұмысын ретке келтіру – маңызды міндеттің бірі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ілгеріде Мемлекет басшысының Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізгенін жазған болатынбыз.