Фото: Ашық дереккөз
Айта кетейік, қашықтан оқыту тек нақты қажеттілік туындаған жағдайда енгізіледі.
«Тек сыныптағы оқушылардың 30 пайыздан астамы денсаулық жағдайына байланысты сабаққа қатыспаған жағдайда ғана балалар мектепке келмейді. Қазіргі уақытта 415 бастауыш сыныптары онлайн оқуда, бұл – 6 692 оқушы. Сондай-ақ, 5-11 сыныптардағы 577 сынып қашықтан білім алып жатыр», делінген хабарламада.
Бұған дейін 7 облыста балалар арасында ЖРВИ мен тұмау өршіп, 132 мектеп уақытша қашықтан оқыту форматына көшкен еді.
Ал, 20 қарашадан бастап Қостанай, Рудный қалалары мен Алтынсарин, Қостанай аудандарында 29 мектептің жекелеген сыныптары да қашықтан оқи бастаған.
Сонымен қатар Павлодар облысы бойынша 150 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы аптада оқушылар арасында 6 мыңнан астам ЖРВИ оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Бұл – елдегі барлық науқастардың шамамен 4%-ы.