Руханият • Бүгін, 17:03

Мәдениет министрі өнерді қолдаған меценаттарға алғыс білдірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық аренадағы маңызды мәдени жобалардың табысты жүзеге асуы меценаттар мен серіктестердің қолдауына тікелей байланысты екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет министрі өнерді қолдаған меценаттарға алғыс білдірді

Министрдің айтуынша, жуырда Ташкентте өткен «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы үлкен жетістікке жетті. Бұған шығармашылық саланы қолдауға үлес қосқан Halyk қайырымдылық қоры, Samruk-Kazyna Trust, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және Freedom Holding Corp компаниясының еңбегі зор.

Сапар барысында Аида Балаева Армениядағы Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Еревандағы Радио үйіне барып, қазақ композиторларының сирек архивтік жазбаларымен танысты. Армян тарабы ұсынған тарихи аудиоматериалдар негізінде министрлік Halyk қорының қолдауымен ерекше жобаны іске асырған. Қазақ опера және эстрада өнерінің шеберлері Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева және басқа да майталмандардың орындауындағы туындылар жинақталған арнайы винил сериясы жарыққа шықты. 

«Аталған серия – ұлттық мәдени мұрамызды сақтау ісіне қосылған маңызды үлес әрі қазақ музыка өнерінің асыл қазынасын келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған ерекше жобалардың бірі», деді министр Facebook әлеуметтік парақшасында.

Аида Балаева ұлттық өнерді сақтау әрі халықаралық деңгейде таныту ісіне атсалысып жүрген барлық серіктестерге алғыс білдіріп, осындай жобалардың жас ұрпаққа рухани мұра қалдырудағы маңызын жеткізді.