Қазақстан • 10 Наурыз, 2020

Коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа теріс әсерін тигізуде - А. Смайылов

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа теріс әсерін тигізуде - А. Смайылов

«Коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде. Атап айтқанда, биыл ақпан айында қытайлық импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 пайызға, ал физикалық көлемі 27 пайызға төмендеді», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Әлихан Смайылов сыртқы нарықта бағалардың төмендеуі де республикалық бюджеттің кірістерінің толығымен орындалмауына себеп болып отырғанын айтты.

«Мыстың бағасы 6 пайызға, алюминий 5 пайызға, мырыш 10 пайызға, қорғасынның 3 пайызға төмендеуі корпоративтік табыс салығын төлемшілердің аванстық төлемдерінің азаюына әсер етті. Сонымен бірге 18-ші деңгейлі банктерден түсімдері 56 пайызға азайды. Сыртқы теріс факторлардың әсеріне қарамастан қосылған құн салығы бойынша 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,5 пайыздық өсім қарқыны қамтамасыз етілді», - деді Әлихан Смайылов.

Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12 пайызға, яғни 2,1 млрд теңгеге азайған деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025