Қылмыс • 02 Тамыз, 2025

Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды. Белгілі болғандай, марқұм ол үйде тұрмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды

Куәгерлердің айтуынша, ер адам пәтерге баса-көктеп кіріп, ондағы баланы ауыр жарақаттаған болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

- Полиция кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйітті табу фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекетті жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді, - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.