Қоғам • Кеше

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде шектеу енгізіледі

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан «Сырым» автокөлік өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде шектеу енгізіледі

Құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты келесі шектеулер енгізіледі:

- Жеңіл автокөліктер үшін өткізу уақытша тоқтатылады;

- Қоғамдық көлік үшін шекарадан өту 2025 жылғы 31 тамызға дейін ұзартылды;

- Жүк автокөліктері үшін шекарадан өту электронды кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады (тәулігіне 500 көлік құралына дейін).

Мемлекеттік шекараны өтуге арналған баламалы өткізу пункттері:

1) «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) - екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал - РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;

2) «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;

3) «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) - халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал - Тасқала - РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық жол пайдаланушыларға сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өткізу пункттерінде көлік қарқындылығының өсу мүмкіндігін ескеруді сұрайды.Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.