
Түркістан облысы Сарыағаш шекара жасағының «Қапланбек» шекаралық бақылау-өткізу пунктінен бір түнде екі рет заңсыз жолмен тірідей 91 бас ірі қара малын алып өтпек болған 1986 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды.
Аталған азамат бірінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 00:43 сағатта жүк көлігіне тиелген 60 бас ірі қара малын алып өтпек болады. Құжатында 29 бас көрсетілгендіктен шекарашылар жолын кескен соң, екінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 01:14 сағатта жүк көлігіне тиелген 31 бас ірі қара малын алып қайтадан өтпек болып шекарашыларға ұсталды.
Екінші рет ұсталу себебі құжатында 26 бас ірі қара деп көрсетілген. Мал Сарыағаш аудандық ветеринарлық қызмет мамандарына тапсырылды.