Әлем • 25 Желтоқсан, 2025

Парижде тағы да ұрлық: зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен дүйсенбі Париждегі 10-шы аудандағы зергерлік бұйымдар дүкеніне тауар тасымалдаушыларға шабуыл жасалды. Қарақшылар құны 150 мың еуро тұратын жақұтты қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.

Парижде тағы да ұрлық: зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасалды

Фото: Victor Velter/Shutterstock/FOTODOM

Қаскөйлер көлік тұрағында тасымалдаушыларды күтіп тұрып, мекенжайға жеткенде қарумен қорқытып, шабармандардың бірінің басынан балғамен ұрған. 

Шабуылдаушылар көздеген дүниесін алып, бой тасалаған. 

Париж полициясының мәліметінше, күдіктілер 5 бума зергерлік бұйым мен алтындарды ұрлаған. Шабармандар жеткізбек болған тауардың ішінде ерекше жақұт тас та болған. 

Айта кетейік, бұған дейін Лувр музейінде бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалған еді. 

Осы жылы әлемге әйгілі музей кітапханасындағы 400-ге жуық құжатқа да зақым келген. Ғимаратта кәріз суы тасып, Мысыр көне жәдігерлер бөліміндегі құнды дүниелер зақымданған.

Сондай-ақ биыл бельгиялық екі блогер Лувр күзетшілерін алдап, Мона Лиза портретінің жанына өз суреттерін іліп тастаған болатын. 

Луврдағы ұрлықтан кейін Қазақстан музейлеріндегі қауіпсіздік деңгейі де тексерілді. 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57