Отбасы • 08 Қаңтар, 2026

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елде Жаңа жыл қарсаңында қиылған неке туралы қызықты статистиканы ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлайтыны жасырын емес.

Осылайша, 2025 жылдың 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді.

Жаңа жыл қарсаңында неке тіркеу саны ең көп болған 5 өңір:

  • Алматы қаласы — 68 жұп
  • Түркістан облысы — 61 жұп
  • Астана қаласы — 47 жұп
  • Жамбыл облысы — 37 жұп
  • Қарағанды облысы — 30 жұп

Күнтізбедегі осындай күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді.

Шымкент пен Қызылордада мәжбүрлі неке бойынша алғашқы істер тіркелді.

 

Соңғы жаңалықтар