Фото: Ашық дереккөз
Темірлан Анарбеков матчтың екінші жартысында «Копенгаген» ойыншысы Дзюнносукэ Судзукидің алыстан бағыттаған қатты әрі дәл соққысын тойтарып, қақпасын сақтап қалды. Қақпашының «мысықша» секіріп қайтарған добы жанкүйерлер мен сарапшылар арасында жоғары бағаланды.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашаға қараған түні өткен ойында Алматылық «Қайрат» түзде «Копенгагенге» есе жіберді. Есесіне Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшылары атанды.
Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» арасындағы ойында да Анарбековтің сейвтері ТОП үштіктің қатарынан табылып еді.