# Сатира

Сатира • 13 Наурыз, 2026

Сыры терең сатира

Сатира – тәрбие құралы. Ал тәрбие тал бесіктен басталады. Балаға кемшілігін жекіп түсіндіргеннен гөрі, оны жылы юмормен жөнге салу әлдеқайда ұтымды. Сондықтан болар біршама сатирик балалар әдебиетінде қалам тербеген. Шона Смаханұлының «Шимайбек пен Шыңқетпе», Оспанхан Әубәкіровтің «Қағаз қалпақ», Көпен Әмірбектің «Алып» секілді кітаптары жас оқырман арасына кеңінен тарады. Өйткені көңілді өлең бала бойына сіңімді келеді.

Сатира • 09 Желтоқсан, 2025

Түсінсем бұйырмасын

Кейінгі кезде басекеңе ұнамай жүрмін. Жиналыс болды бітті, мені, негізі жұмысымды ілгекке іліп түйреп өтеді. Әйтеуір бір жерінде «Пықып мырза ұйқылы-ояу, Пықып Асабасов­қа ескерте-ескерте шаршадық» дей ме, менсіз сөзінің дәмі кірмейді. Мешкей деген қайбір жақсы ат дейсің...

Сатира • 28 Қараша, 2025

«Шүкіршілік» делік

Шетелдердегі кейбір оқыс оқиға­ларды естіп, өзіміз шү­­кіршілік айтамыз. Әнебір өр­кениеті дамып, көш ілгері кеткен елдегі кешегі бір оқиға...

Сатира • 30 Қазан, 2025

Сап тиылған «сақина»

Қалада тұратын әкемнің інісінің үйіне тұмсық тіреп, күлбілтелемей келгендегі шаруамды шатып-бұтып айтып отырмын.

Сатира • 20 Қыркүйек, 2025

Қонбаған қасиет

Құрдасым Қилыбай тәуелсіздік таңында тірлігін тәуіптіктен бастап, бұл күндері ерекше қасиетінің арқасында атағы арыға кетіп аспандаған шағы.

Сатира • 12 Қыркүйек, 2025

Майтабан маман

Бізге мамандық таң­дауда әкеміз оңбай қа­телесіпті. Оны өзі де мойындап: «Қайдан білейін, мына аласапыран заманда өремнің жеткені – қуырдақтың көкесі – эко­номисте, табыстың кілті – сот­тың сығымында, келешектің берекесі – кеден керуенінде деп, балам­ның бірін сот, бірін эконо­мист, кенжемді кеденнің оқуына ор­ғытып, кеуде керіп кей­киіп жүр­сем...

Сатира • 04 Шілде, 2025

Күй

Күй оркестрі қырық адамнан құрылған. Тар­тар күйдің аты – «Жа­­сампаздық». Яғни күйі­міздің мән-мағынасына – елі­міздің ерлеп, өркен жаюы, қоға­мымыздың бірден-бір даңғыл жолға түсіп, ілгері озып, ел-жұрт «қой үстіне бозторғай жұ­мыртқалаған» замандағы күй кешуі арқау бол­ған. Дири­жердің демеуімен күйі­міз баяу ғана күмбірлей кетті.

Сатира • 21 Маусым, 2025

Зар заман, жаңа заман

Зар заман өтіп, мынау жаңа заман орнап, рахат! Рахаттың әліпбиін мектептен бастасам, бүгінгідей «Ала­қай каникул» деп кітап-қалам қолдорбамды атып ұрып, бақан­дай үш ай жүген-құрықсыз бос­тандықта болу қайда!

Сатира • 05 Маусым, 2025

Сатира сардары

Қаламгер қауымның басқаларға қарағанда бір ерекшелігі – елге өзінен бұрын сөзі жетеді. Сол секілді, маған да ең бірінші сатира сардарының өзін емес, сөзін тану бұйырды. Оның сатиралық туындыларын сонау бала кезімізде тұщына оқып, суретін баспасөз беттері мен теледидардан көріп таныдық.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика