Taza.kz

# Экспорт

Экспорт • 28 Сәуір, 2026

Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті

Энергетика министрлігі Германияға экспортталатын 260 мың тонна мұнайды тасымалдау бағыттарын жоспарлы түрде қайта бөлетінін мәлімдеді. Бұл шешім «Дружба» мұнай құбыры арқылы транзиттің уақытша тоқтауына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экспорт • 27 Сәуір, 2026

Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты

Қазақстанда тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге алты айға уақытша тыйым салынды. Бұл шешім отандық құс фабрикаларын қолдау мақсатында қабылданып, 21 сәуірден бастап күшіне енді. Тиісті бұйрық Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатар, басқа мемлекеттерден келетін импортқа да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экспорт • 16 Сәуір, 2026

Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті

«ҚазТрансОйл» деректеріне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанның Германияға мұнай экспорты 353 мың тоннаға артып, жалпы экспорт көлемі 730 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экспорт • 15 Сәуір, 2026

Таяу Шығыстағы дағдарыстың Қазақстан экспортына әсері қандай?

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал жаһандық экономикаға айтарлықтай қысым көрсетіп отыр. Алайда бұл жағдай ел экспортының негізгі көлеміне тікелей жүйелі әсер етіп отырған жоқ. Негізгі себеп – экспорт құрылымының географиясында. Экспорттың шамамен 60%-ын құрайтын мұнай Каспий құбыр консорциумы арқылы Еуропаға бағытталады, ал металдар, уран және газ өнімдері шамамен 20-25% көлемінде Ресей мен Қытай нарықтарына шығарылады. Осылайша, Қазақстанның негізгі экспорт арналары Таяу Шығысқа тәуелді емес. Бұл олардың сыртқы күйзелістерге салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, геосаяси тәуекелдердің тікелей әсерін шектейді.

Экспорт • 05 Сәуір, 2026

Қазақстан алғаш рет Сауд Арабиясына халал өнімді экспорттады

Қазақстан алғаш рет отандық халал сертификатымен қой етін Сауд Арабиясына экспорттады, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазСтандарт» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Экспорт • 26 Ақпан, 2026

Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты

Шығыс өңірінің теміржол торабы кейінгі екі жылда қарқын ала бастады. Агроөнеркәсіп саласындағы жаңа өндірістер іске қосылып, өңделген өнім көлемі артқан сайын, экспортқа бағытталған жүк тасымалы да көбейді. Бұл өзгеріс Абай өңіріндегі стансалар жұмысынан да анық байқалады, деп жазады Egemen.kz.

Экспорт • 21 Ақпан, 2026

Ет экспортына талап жоғары

Арқаның сайын даласында өсірілген жылқы, ірі қара мен қой етінің экспорттық әлеуеті жоғары болғанымен, бұл мүмкіндік толық іске аспай отыр. Өңірде тонна-тонна өнім өндіруге қауқарлы шаруашылықтар жеткілікті.

Экспорт • 20 Ақпан, 2026

Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?

Жаһандық сауда кеңістігі түбегейлі өзгеріп барады. Нарықта табысқа жету үшін сапалы өнім ұсыну жеткіліксіз, сенімді қаржылық тетік те қажет. Төлем кепілдігі мен тәуекелді басқару мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Осындай жағдайда экспорттық-кредиттік агенттік ұсынған құралдар сыртқы нарыққа жол ашатын маңызды тірекке айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Экспорт • 20 Ақпан, 2026

Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты

2025 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асты. Нақты айтқанда, импорт көлемі – 12 194 тонна болса, экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика