# Ауыл
Ауыл • 22 Мамыр, 2026
Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры
Ел көлеміндегі қабылданған әрбір шешімнің мән-маңызы, ең алдымен, халық тұрмысын жақсартатын нақты істермен өлшенуге тиіс екенін Мемлекет басшысы атап айтқаны мәлім. Соның ішінде өңір басшыларына айрықша тапсырылғаны – барлық деңгейдегі жол сапасын дұрыстау. Кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, сол арқылы жергілікті жұртшылықтың әл-ауқатын арттыру қала мен ауылдың барыс-келісі жеңілдегенде ғана жүзеге асатыны анық. Осы орайда келешегі бар көп елді мекеннің жолы бүгінге дейін ойдым-ойдым боп жатқаны қынжылтады.
Ауыл • 01 Сәуір, 2026
Әлемде урбанизация күшейген сайын оған қарсы үрдіс – кері урбанизация туралы әңгіме де айтыла бастады. Қаладан ауылға көшу, ауыл тіршілігін жаңғырту, өңірлер арасындағы тепе-теңдікті сақтау – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Әсіресе аграрлық әлеуеті басым аймақтарда ауылды сақтап қалу экономиканың ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың да маңызды шарты. Абай өңірінде басталған «Қаладан – ауылға» қанатқақты жобасы жаңа серпін әкелуді көздейді.
Ауыл • 23 Ақпан, 2026
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Былтыр ел аумағындағы ауылдық елді мекендер саны 83-ке қысқарып, 6 мыңға дейін азайды. Ұлттық статистика бюросының әкімшілік-аумақтық бірліктер жөніндегі деректері осыны көрсетеді. Бұл – бір жылдағы көрсеткіш қана. Ал ұзақ мерзімді үрдіске қарасақ, ауылдардың біртіндеп жоғалуы соңғы ширек ғасыр бойы тоқтаусыз жалғасып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 24 Қаңтар, 2026
Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты
Кейінгі кезде шекаралық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында шекара маңындағы бұрынғы төрт аудан қалпына келтірілді.
Ауыл • 22 Қаңтар, 2026
Борандатып, бұрқасындатты. Артынша сақылдаған сары аяз қысты. Шығыстың шытырлаған аязында термометр бағанасы қырықтан асып жығылды. Сонда ғой, елдің көбі Шанағатының апталап тұратын аязы қаншаға барды екен деп елеңдесті.
Ауыл • 23 Желтоқсан, 2025
«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды
Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 03 Желтоқсан, 2025
Көкбастау ауылының Амангелді мектебінде «ЭTNO – AUYL» кешені ашылды
Байзақ ауданы Көкбастау ауылы Амангелді атындағы орта мектепте «ЭTNO – AUYL» кешені ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Мәшһүр Жүсіп ауылындағы оң тірлік
Ауыл әкімі – ауылдың дамуындағы негізгі қозғаушы күш. Баянауылдың шеткі елді мекендерінің бірі Мәшһүр Жүсіп ауылы кейінгі жылдары түрленіп, келбетінің арта түсуін жергілікті жұрт ауыл әкімі Сәбит Кенжалиннің іскерлігімен байланыстырады. Жас әрі әлеуеті мол басшы биыл көптің қолдауымен екінші мерзімге сайланды.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Күре жолдың бойында жатқанымен, көзге елеусіз ауылдар көп. Соның бірі Ұлан ауданына қарасты Украинка ауылы. Тарихи атауы Аққулы деседі үлкендер. Айтса, айтқандай еді. Қайбір жылы осы ауылды іргелей ағып жатқан Ертісті жағалай бара жатқанымызда, өзеннің бір сағасынан қос аққу қанатымен суды сабалай көкке көтерілген. Сөйтсек, бұл маңды атам заманнан аққу мекен етіпті. Неге екенін кім білсін, кейін Украинка болып кетіпті. Әңгіме онда емес. Осы жолы сол ауылға тұрғындардың шақыруымен арнайы бардық. Қойын құрттап, айранын ұрттап жатқан берекелі де мерекелі ел екен.
Таразда құтқарушылар өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады
Құтқарушы • Бүгін, 00:05
Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасалды
Руханият • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Экология • Кеше
Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді
Саясат • Кеше
Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді
Экология • Кеше
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Кеше
Қытай Жапония әскерінің күшеюіне алаңдап отыр
Әлем • Кеше