Редакция таңдауы
Елімізде соңғы жылдары Жошы ұлысына қатысты іргелі зерттеулердің жүргізіле бастағаны белгілі. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығы мен Жошы ханның дербес билікке келіп, таққа шығуының 800 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту – халқымыздың тарихи санасын жаңғыртып, мемлекеттік дәстүрді терең пайымдау үшін маңызды қадам болды. Осы тарихи белесте ортағасырлық дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары да жүйелі жүзеге аса бастады. Соның бір айқын дәлелі – әйгілі ғұлама ғалым, Темір әулетінің билеушісі Мырза Ұлықбектің «Тарих-и арба улус» («Төрт ұлыстың тарихы») атты шығармасының қазақ тіліне аударылуы.
12 Маусым, 2025
Қазақ-словак серіктестігінің жаңа кезеңі
Елімізге Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келді. Оны Ақордада Мемлекет басшысы салтанатты рәсіммен қарсы алды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Словакияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Словакия Үкіметі басшысының ресми сапары аясында қос тарап шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
12 Маусым, 2025
13–19 маусым аралығында Мажарстанның бас шаһары – Будапеште дзюдодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Оған жер жаһанның 92 мемлекетінен келген 566 татами шебері қатысады. Еліміздің құрамасы сапында Елдос Сметов қана жоқ. Қазіргі кезде даңқты спортшымыз Ұлыбританияда білімін жетілдіріп жүр. Басқа белді балуандарымыз бұл күндері Дунай өзенінің жағалауында өтетін дүниежүзілік додаға қызу даярланып жатыр.
12 Маусым, 2025
Қазақстан-Словакия байланысы нығаяды
Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда жүргізілген келіссөз барысында Словакияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2025
Қазақстанда рақымшылық туралы заң қабылданды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2025
Балабақшадағы тәрбиешілер қатыгездігі қашан тыйылады
Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатыгездік көрсету үрдісі белең алып келеді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде балабақшадағы зорлық-зомбылық әрекеттері бейнежазбалар арқылы әшкереленіп, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Таңертең баласын балабақшаға апарып тастаған ата-аналар алаңсыз отыра алмайтын күнге жеткендерін айтып, бұл бассыздыққа тосқауыл қоюды талап етуде. Бейкүнә бүлдіршіндерге қорған болуы тиіс мекемелерде керісінше қорлық көрсету оқиғаларының жиілеуі тәрбиешілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне селкеу түсіріп отыр. Осы орайда Egemen.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, мемлекет тарапынан нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
11 Маусым, 2025
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылдың тамыз айында «Delta» массивтік атауы қойылған топты әшкерелеп, қызметін жойды. Бұл топ 2023–2024 жылдары тиісті жұмысты атқармаған, бірақ жалған шот-фактураны қолданып, салық төлеуден жалтару мақсатында 3 млрд теңгеден астам ақшаны қолма-қол түсірген.
11 Маусым, 2025
Білім саласы қаржылық сауаттылыққа зәру
Атырау облысында бюджеттен жалақыға бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсау дерегі жиі кездеседі. Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласының, оның ішінде мектеп есепшілері қаржы аударуда қателікке оқтын-оқтын бой алдырып жүр.
11 Маусым, 2025
«Мақсатымыз – жайлы әрі үйлесімді орта қалыптастыру»
Халықаралық деңгейде танылған сәулетші, «INK Architects» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Қамитов қалаларды дамытуға арналған нақты заң керек дейді. Айтуынша, жаңа қала құрылысы кодексі сапаны жақсартып, халыққа жайлы өмір сыйлайды.
11 Маусым, 2025
Жұмысты жүйелеп, ырысты арттырып отыр
«Айс» серіктестігі 2010 жылы әлемдегі ең танымал гольштейн тұқымдас 2 мың бас сиырды Германиядан әкеліп, сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Содан бері Мәртөк ауданында кідіріссіз жұмыс істеп, облыстағы ең ірі шаруашылыққа айналды.
11 Маусым, 2025
Ташкенттегі тартымды инвестиция
Премьер-министр Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты. Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде инвестиция тарту экономиканы дамытудың негізгі факторы екенін атап өтті.
11 Маусым, 2025
Парламентаралық байланыстың байыпты кезеңі
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу Астанада Қазақстан – Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысын өткізді. Онда тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және парламентаралық байланысты дамыту бойынша жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.
11 Маусым, 2025
Дүниеге сабыр керек. Сабырсыздық әлемді буып барады. Бәріміз асығыспыз. Қайда асығамыз? Асығыстық – сабырсыздық. Ақыры не болмақ.
11 Маусым, 2025
Құтқарушыларға қолдау көрсетті
Атырау облысында төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге L-410 ұшағы қолданылады. Жаңа ұшақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның батыс аймақтық басқармасының авиациялық паркі теңгерімінде болады.
11 Маусым, 2025
«Алматы жастарының» айшықты қадамы
Мансаптық өсу мен қабілетті іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктер шоғырланған ірі қалалар өмірдің әрбір жаңа лебін сезінуге құштар жастарды өзіне қашанда баураған. Бірақ алып ұшқан көңілді мегаполистегі баспана құнының қымбаттығы басатыны рас. Алып шаһардың артықшылығымен қатар сын-тегеуріні де бар. Сондықтан жас мамандардың талпынысын ерекше ескеріп, мемлекет жеңілдетілген шарттармен пәтер сатып алудың бірегей тетіктерін іске қосып отыр.
10 Маусым, 2025
Елімізде жоғары экономикалық өсім сақталып отыр, банктердегі өтімділік пен капиталдану деңгейі тәуір. Дегенмен көтеріліп бара жатқан инфляция мен мұнай бағасы төмендеуінің экономика алдынан арқан керіп тұрғаны да белгілі. Мұндай қорытындыны Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жасады.
10 Маусым, 2025
Қазақстан – Болгария: Ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік мол
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті қарсы алды. Салтанатты қарсы алу рәсімінде мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
10 Маусым, 2025
«Рүстем қырғыны» дастаны қалай жазылды?
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, барлық жанрда қалам тартқан әмбебап дарын – ақын, жазушы, драматург, журналист Ілияс Жансүгіров азғана ғұмырында көптеген поэма жазды. Соның бірі – 1926 жылы жазылған «Рүстем қырғыны» дастаны. Бұл туынды ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. Өмірден өткен соң, жиырма екі жылдан кейін, яғни 1960 жылы алғаш жарық көрсе, екінші рет 2004 жылы жазушының «Қазығұрт» баспасынан шыққан көптомдығының 3-томына енген.
10 Маусым, 2025
Үлгілідегі шыны шығаратын зауыт
Кейінгі уақытта Жамбыл облысында бірнеше өндіріс ошағы бой көтеріп жатыр. Олардың бірқатары жұмысты бастап та үлгерді. Нақтырақ айтсақ, өңірде тұңғыш рет шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды. Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында ашылған жаңа кәсіпорын қызметкерлері жұмысты бастап кетті.
10 Маусым, 2025
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендетілді
Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме қайта қаралды. Енді ол жылдық 20 пайыздан аспауы тиіс — бұған дейін бұл шек 25 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Маусым, 2025