Еті
Экономика • 19 Маусым, 2025
Өнеркәсіп өндірісінің бес айдағы жетістігі
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4%-ға өсті, тау-кен өнеркәсібінде 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 6%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалады: қара металургияда (+3,4%), машина жасауда (+10,5%), тамақ өнімдерін шығаруда (+10,5%), мұнай өңдеуде (+11,3%), химия өнеркәсібінде (+9,9%), құрылыс материалдарын өндіруде (+10,3%), резеңке және пластмасса бұйымдарында (+4,8%), дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа (+17,5%), жеңіл өнеркәсіпте (+2,7%) және жиһаз өндірісінде (+6,8%), деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасы жақсарды
Сала министрлігінің мәліметінше ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Ирригация желілеріндегі су шығыны жылына 193 млн текше метрге дейін азайды. Жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары аумағындағы 11 нысанды қамтиды. Жобаның екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Жетісайда жекпе-жектен Орталық Азия ашық кубогі өтті
Түркістан облысы Жетісай қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 70 спортшы қатысып, ерлер 9 салмақ дәрежесінде, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 11 Маусым, 2025
Студенттер модульдік үй құрастырды
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ұстаз-студенттерінен құралған ғылыми-шығармашылық топ модульдік үй құрастырды. Төтенше жағдай туындағанда, туристік аймақтар мен вахталық кенттерде, халық тығыз орналасқан өңірлердегі баспана мәселесін шешуге арналған жоба авторлар атына патенттеліп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2025
Жетісуда құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген
Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін бір заңды тұлға өз бетінше пайдаланып, құқық белгілейтін құжаттарсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндірумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Маусым, 2025
Шаруаларға 700 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді
Үкімет ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 2025 жылы егіс және орақ жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Жетісуда жас дарындар марапатталды
Аймақ оқушылары халықаралық және республикалық зияткерлік байқауларда 70-тен астам жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды
Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Павлодарда жетім балаларды тасымалдауға жаңа көлік берілді
Облыс әкімі Асайын Байханов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсететін 8 мекемеге шағын автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
93 кәсіби гидке жеке бейдж табысталды
Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда гидтердің қызметін жүйелеу үшін цифрлық модуль енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Мамыр, 2025
Қазақстандық күш иесі Италияда үш әлемдік рекорд орнатты
Сергей Цырульников Италияда өткен әйгілі Lo Show Dei Record телешоуында үш бірдей Гиннес рекордын жаңартып, еліміздің абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 26 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Сала министрлігі өткен аптаға шолу жасады. Қазақ спортшылары 5 спорт түрі бойынша жеңістерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді
Бүгін Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға берілді. Пәтер кілттерін жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Экономика • 23 Мамыр, 2025
Ұлттық парктің жері мемлекет меншігінде сақталады
Қазақстан туризмге стратегиялық валюта көзі ретінде қаржы құйып жатыр. Тау шаңғысына туристер жағажайға қарағанда 7 есе көп қаржы жұмсайтыны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2025
Сәтбаев университетінің жатақханасы заңсыз сатылған
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның мүлкіне қатысты заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Деструктивті мультфильмдер министрлікті алаңдатып отыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде таралып жатқан деструктивті мазмұндағы мультфильмдерге қатысты ата-аналарға ескерту жасады. Комитеттің мәлімдеуінше, сырт көзге балаларға арналған секілді көрінетін кейбір бейнематериалдар шын мәнінде агрессияны насихаттайтын және адамгершілік құндылықтарға кері әсер ететін бұрмаланған ақпаратты қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Өткен аптадағы спортшылардың жеңістері
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы шолу ақпарат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Астанадағы 109-шы мектепке 109 күн толды
Астана қаласы әкімдігінің №109 орта мектебінде «№109 мектепке – 109 күн» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды
Жетісу облысында бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Көліктен 300-ден астам киік мүйізі табылған
Заңсыз сауда Жетісу облысы аумағында болған, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Мамыр, 2025
Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Спорт • 12 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Өткен аптаны шолған деректер топтамасы – сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Мамыр, 2025
Екі ел Үкіметі арасындағы ҚР Заңына қол қойылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған ер адам суға ағып кетті
Оқиға 10 мамыр күні Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған. Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған 1989 жылы туған ер адам өзеннің ортасына келгенде суға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Талдықорғандағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті.
Университет • 06 Мамыр, 2025
Абай университетінде «Ерлікке тағзым» белгі тасы орнатылды
2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» ескерткіш белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 06 Мамыр, 2025
Ақтөбеде 30 жылдық тарихы бар университет жабылатын болды
Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университеті (ҚОХУ) 2024–2025 оқу жылының соңында өз қызметін ресми түрде тоқтатады. Елімізде 31 жылдан бері студенттерге білім беріп келе жатқан іргелі оқу орнының жабылуына не себеп болды? Egemen.kz тілшісі мәселенің мән-жайын зерделеп көрді.
Өшпес даңқ • 05 Мамыр, 2025
Астанадағы мерекелік әскери шерудің тікелей көрсетілімі
Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 02 Мамыр, 2025
Балалар арасындағы семіздік дерті акцизбен шешіле ме
Балалар арасында қант диабеті мен семіздік көбейген. 2025 жылғы 10 сәуірде Салық кодексінің (СК) жобасын талқылау кезінде депутаттар энергетикалық қана емес, құрамында қант бар алкогольсіз сусындарға акциз салығын салуды ұсынды. Олар тек энергетикалық ғана емес, құрамында қант бар сусындарға да акциздерді енгізу бойынша түрлі тәсілдерді ұсыну қажеттігін қаперге салды, деп жазады Egemen.kz.