Шаруашылық • Кеше

Жетісуда су үнемдеу технологиясы қай деңгейде?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға егілді. Оның 200,2 мың гектары суармалы алқап. Егістік 6 су қоймасы мен 12 өзен арқылы суарылады. Қазір қоймалар орта есеппен 45%-ға толып, суару режимінде жұмыс істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Жетісуда су үнемдеу технологиясы қай деңгейде?

Ауа райының ыстық болуына байланысты өзендердегі су көлемі азайғанымен, шаруашылықтарға қажетті су жеткізіліп, дақылдар үшінші рет суарылып жатыр.

Облыста су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынды жүруде. 2025 жылы мұндай әдістер 55,2 мың гектарға дейін жеткізілмек. Бүгінде 35,9 мың гектарға енгізілсе, оның 13,3 мың гектары тамшылатып, 22,6 мың гектары жаңбырлатып суаруға негізделген.

Сонымен қатар 4,8 мың гектар алқапқа суды 30%-ға дейін үнемдейтін дискреттік тәсіл енгізілді. Бұл қарапайым әрі тиімді әдісті шаруалар белсенді түрде қолдана бастады.