Қоғам • Кеше

Өнеркәсіп комитетіне қарасты мекемеде қызметкерлерге заңсыз еңбекақы төленген

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы азаматтық белсенді тұрғынның өтінішінен кейін Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасы минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да тексеру жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіп комитетіне қарасты мекемеде қызметкерлерге заңсыз еңбекақы төленген

Фото: Ерлан Омар

Аудит барысында қызметкерлерге жалақы мен сыйақы төлеудің негізділігі қаралды. Нәтижесінде, 2024 жылы жұмыс істелмеген уақыт үшін 14,2 млн теңгеге жалақы төленгені анықталған.

«Тексерілген бюджеттік қаражат пен активтердің жалпы көлемі 188,9 млн теңгені құрады. Еңбекақы төлеудегі заңбұзушылықтардан бөлек, аудиторлар 34,4 млн теңге сомасында бірқатар елеулі рәсімдік ауытқуларды тіркеді. Олардың қатарында – үш қашықтан жұмыс істейтін қызметкермен еңбек шарттарының болмауы (3,7 млн теңге), үш қызметкерде жұмыс уақытының шекті нормасынан асып кетуі (12,7 млн теңге), сондай-ақ ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу қызметтеріне негізсіз шығындар (18 млн теңге) бар», деп хабарлады Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқама берілген. Бұл мәселе бақылауға алынып, жиналған материалдар қылмыстық қудалау органдарына жолданды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай тексерулер мемлекеттік басқару жүйесіндегі олқылықтарды көрсетіп қана қоймай, ашықтық пен заңға бағынудың қоғам алдындағы маңызын еске салады.

Соңғы жаңалықтар

Жол апаты азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Ағайындар атамекенге оралды

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:00

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Медицина • Бүгін, 09:55