Инфрақұрылым • 27 Шілде, 2025

Жетісу облысында 84 елді мекенге газ келеді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қыркүйек айында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы толық аяқталады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысында 84 елді мекенге газ келеді

Ұзындығы 302,4 шақырым болатын құбыр Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 84 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 440 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді.

Жоба шеңберінде 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы салынып жатыр. Қазіргі таңда олардың 80%-ы дайын, ал төртеуінде сынақ жұмыстары жүргізілген.

«Интергаз Центральная Азия» АҚ өкілдерінің айтуынша, бастапқыда құрылыс 2026 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Алайда жобаның әлеуметтік маңыздылығына байланысты мерзімінен бұрын іске қосылмақ.

Аймақ басшысы бұл бастама тұрғындардың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға серпін беретінін атап өтті.